ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, балалар ағзасындағы қорғасын мөлшерін зерттеуге бастама көтерді.
Зерттеу қоршаған ортаның ластануының артуына және қауіптілігіне байланысты жағдайды зерттеуге және бағалауға бағытталған, бұл балалардың денсаулығына, оның ішінде Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлерінде қорғасыннан улануға қатысты үлкен мәселелерді туындатады.
25-26 қарашада серіктестердің қатысуымен зерттеу аясында «дала» жұмыстарына арналған конференцияның өткендігін атап өтеміз.
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) серіктестерінің қатысуымен өткен конференцияға ҚДСҰО сарапшылары – директордың бірінші орынбасары Бауржан Жүсіпов, қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева және жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Қуаныш Алимбетов қатысты.
«Бұл зерттеу қиын уақытта жүргізіліп жатыр. Бірақ біз бұл таңдап алынған аймақтардағы қорғасынның балалар ағзасына тигізетін әсері бойынша эпидемиологиялық ахуалдың болмағанда кішкене бір бөлігін көруге көмектеседі деп үміттенеміз. Біз осы (пилоттық) зерттеу нәтижелері бойынша проблеманы неғұрлым терең зерделеу үшін бірқатар нақты іс-шараларды айқындай аламыз деп ойлаймыз», – деп ойын бөлісті Қуаныш Алимбетов.
Зерттеу 4 қалада: Алматы, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында өтеді. Жиналған деректерді талдау күшті және тұрақты бақылау жүйесін қалыптастыру және қорғасыннан уланудан денсаулықты қорғау жөніндегі жобаның негізі болуға көмектеседі.
Анықтама үшін:
Қорғасыннан улану бала денсаулығына, әсіресе бала миының дамуына қатты әсер етеді, бұл IQ төмендеуіне, назар аударудың жетіспеушілігіне, мектепте оқу үлгерімінің нашарлауына және өсе келе мінез-құлқының агрессивті болуына алып келеді.
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ақпараты бойынша, әлемдегі әрбір үшінші бала, бұл шамамен 800 миллион бала, қорғасыннан уланудан зардап шегеді.