2020 жылы 25 қарашада ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева «Ресей салауатты қалалары» форумына қатысты. Іс-шарада ол «Қазақстанның салауатты қалалары мен аймақтарының ұлттық желісі» тақырыбында презентация көрсетті, онда Қазақстанда COVID-19 індетінің алдын алу және азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Форум «Салауатты қалалар, аудандар және ауылдар» қауымдастығының құрылғанына 10 жыл толуына орай өткізілді.
Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасы, Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі форумның өткізілуіне бастамашы болды, форумға Латвия Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасының өкілдері, сондай-ақ ДДСҰ ЕАБ өкілдері: «Салауатты қалалар» Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық желісінің басшысы Моника Косинска ханым (Ms. Monika Kosinska), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресей Федерациясындағы өкілі доктор Мелита Вуйнович (Dr. Melita Vujnovic), ДДСҰ-ның жұқпалы емес аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Еуропалық офисінің басшысы доктор Жоао Бреда (Dr Joao Bredа) және т.б. қатысты.
Форумда сөз сөйлеген Жазира Ембердиева Қазақстанның салауатты қалалары қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жаһандық сын-қатерлерді еңсеру жұмыстарында көшбасшы және серіктес ретінде әрекет ететінін атап өтті.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда Алматы қаласы мен Қызылорда облысы жұмысқа тартылып жатыр. 4 қаланың (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Орал, Ақтөбе) өтінімдері қаралу сатысында», – деді Ж.Ембердиева.
Халықаралық форум аясында ДДСҰ-ның «Салауатты қалалар. Денсаулықтың әлеуметтік моделін қалыптастыру. Жергілікті биліктің рөлі» Жобасы деп аталатын дөңгелек үстелдің өткендігін атап өту керек. Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Латвия Республикасы елдеріндегі ДДСҰ «Салауатты қалалар» жобасының ұлттық желілерін ұйымдастыру ерекшеліктері талқыланды. Ресей «Салауатты қалалар, аудандар және ауылдар» қауымдастығының тәжірибесі айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, ДДСҰ-ның «Салауатты қалалар» жобасы 30 жыл болды, жұмыс істеп келеді және әлемнің 55 елінен 1800-ге жуық қаланы қамтиды: Австрия (Вена), Дания (Копенгаген), Франция (Ренн), Германия (Дрезден, Франкфурт), Греция (Афины), Ирландия (Дублин), Италия (Милан) және т.б.
Салауатты қалалар теңсіздікке қарсы күресіп, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын қолдау үшін стратегиялық серіктестік пен көшбасшылықты дамыта отырып, басқаларға үлгі болады.