2020 жылы 18 қарашада ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында басшылық (директор Д.А.Көбжасаров, директордың бірінші орынбасары Б.С.Жүсіпов) пен Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі Оперативті орталығының мамандары ДДСҰ өкілдері – Орталық Азиядағы денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі ДДСҰ хабының үйлестірушісі Тасним Ататрамен және Қазақстандағы ДДСҰ Елдік офисінің ұлттық офицері Бибігүл Әубәкіровамен коронавирус инфекциясы (COVID – 19) мәселелері бойынша кездесу өткізді.
ДДСҰ өкілдері ҚР-дағы COVID-19 індетінің ағымдағы жағдайымен және жақын және орта мерзімді перспективадағы болжамдармен танысты.
Кездесу барысында қатысушылар COVID-19 алдын алу және таралуы бойынша шектеу шараларын іске асыру, сырқаттанушылықтың статистикалық есебін жүргізу мәселелерін және ҚДСҰО мен ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Бауыржан Жүсіпов атап өткендей, ДДСҰ-ның Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі Оперативті орталыққа қолдау көрсетуі дер кезінде болды, өйткені дәл осы Оперативті орталық елдегі COVID-19 жағдайына талдау жүргізу, болжам жасау және оны бақылау жөнінде ұсынымдар әзірлеу бойынша негізгі міндеттерді орындайды.