Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (бұдан әрі – ҚДСҰО) Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Қарағанды қ. №4 емхана мен Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің оперативті орталығының қызметкерлеріне арналған «COVID-19 коронавирус инфекциясының эпидемиологиясы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Мақсаты – короновирус инфекциясы кезеңінде оперативті орталықтың жұмысында бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру және игеру.
Әрбір тыңдаушының дербес компьютеріне R және R Studio бағдарламасы, есеп жүргізу үшін қажетті толықтырулар мен пакет орнатылды, бағдарлама көмегімен тыңдаушылар, дәріскерлермен бірлесіп, есеп жүргізу үшін қажетті форматқа деректерді қалыптастырды, R бағдарламасында базалық операцияларды жүргізді, R бағдарламасында Қарағанды облысының матрицасын одан әрі құру үшін Rt репродуктивті санының көрсеткішін есептеді.
Оқыту барысында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға және басқа елдердегі COVID-19 індетінің таралуына талдау жасалды. Республикада COVID-19 індеті жөнінде деректерді күнделікті жинау, өңдеу және мониторинг жүргізу, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарды тіркеу цикл тыңдаушыларына өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжам жасауға мүмкіндік берді.
ҚДСҰО дәріскерлері деректерді жинау процесін жеделдету үшін, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы күресте ары қарай шешім қабылдау үшін оперативті орталықтардың жұмысында цифрландырудың маңыздылығы туралы айтты. Тыңдаушыларға деректерді енгізу, деректерді сүзгіден өткізу, есеп беру нысандарын жүктеу, қарапайым және аралас диаграммаларды құру, оларды Power Point презентациясына дайындау жұмыстарын үйретті.
Сонымен қатар, курсанттармен бірге Қарағанды облысының эпидемиологиялық ахуалын бағалау паспортын және 100.000 адамға шаққандағы сырқаттанушылық матрицасын жасады, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Ш. Нұрлыбаевқа көрсетілді.
Оқыту нәтижесінде тыңдаушы қауымның әрқайсысы R және R Studio бағдарламасын меңгерді, бұл оларға күн сайын Қарағанды облысының эпидемиологиялық ахуал паспортына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Курс соңында тыңдаушыларға «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік табыс етілді.