Korea telecom көшбасшы копаниясы бастамашыл тобының өкілдері ақпаратты-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдана отырып, COVID-19 күресуге арналған ЗТ Корей стратегиялық бағдарламасымен («Тест», «Қадағалау», «Емдеу») таныстыру үшін Нұр-Сұлтан қ. келді.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жанындағы Төтенше жағдайлар (ТЖ) жөніндегі Оперативті орталықта болған Korea telecom көшбасшы копаниясы бастамашыл тобының директоры Ли Чжонг-иль техникалық мүмкіндіктерді уақытылы қолданудың арқасында Корея Республикасы COVID-19-бен күресуде жеңіске жеткені туралы айтып өтті.
– Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар әр салада тиімділікті және оперативтілікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ, денсаулық сақтау органдарының бақылауында ұстау үшін инфекциялық ауруларға ден қоюдың мемлекеттік жүйесін сандық түрге көшіреді, – дейді Ли Чжонг-иль.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров Корей компаниясының қадағалау жүйесі COVID-19 тиімді күресе алатындығы туралы мәліметтерге қосылатындығын тілге тиек етті. Корея Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі технологиялық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жергілікті мобильдік байланыс операторларымен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Аурудың расталған оқиғаларын мобильді деректерді қолдану арқылы анықтау заңмен қорғалған және қатаң процесс функциясының көмегімен өңделеді.