ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева коронавирусты инфекциямен ауырған адамдарға мына кеңестерді ұсынады.
1. Күн сайынғы тыныс алу гимнастикасы. Дем алуды – дем шығаруды бақылау арқылы қарапайым жаттығулар жасау. Оларды отырып та, төсекте жатып немесе жартылай жатып та жасауға болады. Аурудан кейін организм әлі де күшеймегендіктен, жаттығуларда шамадан тыс көп жасамаңыз, жүктемелерді біртіндеп арттырғаныңыз дұрыс. Тыныс алу гимнастикасы өкпенің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді және оны оттекпен қанықтырады.
2. Таза ауада күн сайын серуендеу. Жаяу жүру газ алмасуды жақсартады және коронавирусты инфекциядан соң және организмнің ұзақ уақыт әлсіреуінен кейін сізге өте қажет күш қуат береді.
3. Дұрыс тамақтану керек! Организмге ақуыздар, майлар және көмірсулар қажет. Көкөніс пен жеміс-жидек мол болатын жазғы мезгілді жіберіп алмаңыз. Тәттілерден де бас тартпаңыз (тек белгілі бір көлемде) – олар көңіл-күйіңізді арттырады.
4. 7-8 сағаттан кем болмайтын толыққанды ұйқы. Ұйықтардың алдында бөлмені міндетті түрде желдету керек және 2 – 3 сағат бұрын тамақтанған дұрыс. Бұл тез қалыпқа келуіңізге көмектеседі.
5. Стресстің және үрейдің алдын алу. Қазір барлығымыз – ауырғандар да, ауырмағандар да стресс жағдайындамыз. Аталған инфекцияның ерекшелігі гипоксия, оттектің жетіспеуі болып табылады. Бұл қорқыныштың және депрессияның алғышарты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда психологтан кеңес алуыңызға болады. Ол сізге алдағы уақытқа сенімділік бере алады. Әлде жақын адамдарыңызбен қарым-қатынастарыңызды күшейтіңіз, табиғатқа шығыңыз, Д витамині деңгейін арттыру үшін күнге күйіңіз, оң эмоциялар тезірек қалыпқа келуге көмектеседі.