Жыл сайын 1 тамыздан бастап 7 тамызға дейін әлемдегі емшектегі балалардың денсаулығын нығайту мақсатында емізуді насихаттауға бағытталған Дүниежүзілік баланы емізу апталығы өткізіледі.
1997 ж. бастап Қазақстанда емізуді қорғау және қолдау бойынша мақсатты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Емізуді қолдау үшін жүргізілетін саясатқа: бала күтімі бойынша ақы төленетін демалысқа және емізу үшін үзіліс беруге қолдау көрсетіледі. Бұл Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашасындағы Еңбек кодексінде, сондай-ақ, басқа да көптеген нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапты. Үйге барып қарау арқылы патронаждаудың жан-жақты-прогрессивті жүйесі енгізілді.
Алайда, тек емшекпен емізу және негізінен емшекпен емізу қалалық жерлерге қарағанда (тиісінше 33,7 және 68,8 пайыз) ауылдық жерлерде жиі кездеседі (тиісінше 42,1 және 77,9 пайыз); бұл кезде 20–23 айдағы емізілетін сәбилердің үлесі қалалық және ауылдық жерлерде тиісінше 22,7 және 19,9 пайыздарды құрады (МИКО Қазақстан 2015).
Бұдан бөлек, 0-ден бастап 1 айға дейінгі сәбилердің 70 пайызға жуығы тек емізу арқылы тамақтандырылады; 2-3 айдан кейін олардың үлесі екі есе қысқартылады (31,4 пайыз), ал 4-5 айға қарай ол 3 есеге дерлік азайып, 23,5 пайызды құрайды. 2 жасқа қарай балалардың 80 пайызына жуығы емшектен шығарылады (МИКО Казахстан 2015).
Емшекпен емізу сәбилер миының жұмысы дұрыс дамуын қолдаудан, инфекциялардан қорғаудан, семіздік қаупін және балалар ауруларын төмендетуден бастап денсаулыққа жұмсалатын шығындарға және емізетін аналарды анабез ісігі мен сүт бездері ісігінен қорғауға дейін өте маңызды. Ерте емізбеу респираторлық аурулардың, гипотермияның, диареяның және инфекциялық аурулардың пайда болу себебі болып табылады.
Туыла салысымен сәбиді анасының кеудесіне жатқызу оны жылытады, жақындықтың қалыптасуына көмектеседі, ана сүтін ұлғайтады.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жоспарлау, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Наталья Юшицина UNFPA Kazakhstan-мен серіктесе отырып, Жаңа туылған сәбилердің анасына арналған пайдалы кеңестер сериясын ұсынады.
БОСАНУДАН КЕЙІНГІ ГИГИЕНА
Аналар үшін
Инфекцияны болдырмау үшін мынандай ұсынымдарды сақтаңыз:
1. Үнемі душ немесе жылы ванна қабылдаңыз.
2. Егер сізге Кесарь тілігі операциясынан кейін немесе босанудан кейінгі жыртылудан немесе эпизиотомиядан кейін тігістер салса, тек душ қабылдаңыз.
Жарақат жазылғанға дейін ванна қабылдамаңыз.
3. Хош иістендірілген сабынды қолданбаңыз
4. Емізуге дейін және одан кейін кеудеңізді сабынмен жумаңыз, бұл қажет емес. Ағып тұрған судың астында жусаңыз, жеткілікті.
5. Дәретханаға барған сайын сабынсыз немесе қандай да бір дезинфекциялаушы құралдарсыз таза жылы сумен жуыныңыз.
6. Тігістер салынған орынды жұмсақ матамен немесе орамалмен ақырын ұрғылап кептіріңіз.
Сәбилер үшін
1. Жаңа туылған баланы тазалықта ұстау қажет.
• Баланы күн сайын жуындырыңыз. Суға малынған мақта тампондарын қолдануға болады.
• Көздерін қайнатылып, бөлме температурасына дейін салқындатылған әр түрлі тампондармен сүртіңіз.
Бір көзін бір тампонмен, басқа көзін екінші тампонмен сүртіңіз. Тампондарды суға малып, көзді ішкі бұрышынан бастап сыртқы бұрышына дейін жуады.
• Мұрнын суға немесе қайнатылған өсімдік майына малынған мақта таяқшаларымен тазалаңыз. Баланың бұл кезде түшкіруі мүмкін.
6 7
•Әр дефекациядан кейін баланы жуып тұрыңыз. Мұны құбырдан ағып тұрған судың астында жасаған дұрыс. Қыз балаларды тік ішектен қынапқа бактерияларды түсірмеу үшін тек алдынан бастап артқа қарай жуындырыңыз. Ешқашан үлкен және кіші жыныс ернеулері арасындағы ақ жақпаны алып тастамаңыз— ол жыныс органдарының нәзік сілемейлі қабықшасын микробтардан қорғайды.
• Кіндіктің қалдығын еш нәрсемен өңдемеңіз. Ол тек құрғақ қана болуы керек және жөргекшемен жабылмауы тиіс (жөргекшені баланың ішінің үстінен қайырыңыз). Бұл оның зәрмен және нәжіспен ластанбауы үшін жасалады.
• Егер кіндігі кірлеп кетсе, оны сабын қосылған таза сумен жуып, таза сүрткішпен сүртіңіз.
•Кіндігі түскен соң жарақатты құрғақ және таза ұстаңыз. Оны өңдеу үшін ешқандай да құралдарды қолданбаңыз.
• Жаңа туылған сәбиді құбырдан ағып тұрған судың астында, емізудің алдында, өзіңізге ыңғайлы уақытта жуыңыз. Дегенмен де, сәбиді кешкі уақытта жуған ыңғайлы. Шомылу кезіндегі бөлме ауасының температурасы 24–25 ⁰С, ал судың температурасы 37–37,5 ⁰С болуы тиіс. Шомылу ұзақтығы 5–7 минут болуы керек. Кішкентай ваннадағы су құлаққа және ауызға кірмеуі үшін мойынға дейін жетуі қажет. Кішкентай ваннаның түбіне тайғанақ болмау үшін пелёнка төсеу қажет. Баланы күн сайын, бірақ сабынмен 1–2 рет шомылдыру керек. Балаларға арналған арнайы косметиканы ғана қолданыңыз. Алдымен басын жуыңыз, артынан денесін және соңынан аяқтарының арасын жуыңыз. Шомылдырғаннан кейін баланы бір температурадағы – 37 ⁰С-тағы су құйылған ожаумен шайыңыз. Баланы жақсылап кептіріп, оған жылы киім кигізіңіз.
• Баланы күтіп-қарағанға дейін және одан кейін қолыңызды міндетті түрде жуыңыз.
2. Баланы мұздатып немесе ыстықтатып алмаңыз.
• Балаға арналған бөлменің температурасы 22–24 ⁰С болуы тиіс, өтпе желдердің болмауын қадағалаңыз.
• Баланың төсегін терезенің қасына немесе суық қабырғаның жанына қоймаңыз.
• Баланы орамаңыз. Кең киім (жұқа жейде, кеудеше, жөргекше және кішкентай шалбар) кигізіңіз, аяғына шұлық кигізіңіз.
• Бала жатқан бөлмені әр 3 сағат сайын 10-15 минуттан желдетіп тұрған дұрыс. Бұл кезде баланы басқа бөлмеге апару керек.
• Баламен серуендеуді бастау жыл мезгіліне байланысты, алайда,
ауа-райы қатыт суық болмаса, перзентханадан шыққаннан кейін екі-үш күннен кейін серуендеуге болады. Баламен серуендеген кезде таза ауамен дем алуы және шынығуы үшін оның беті ашық болуы тиіс. Серунге шығу ұзақтығығын біртіндеп арттырыңыз. 10–15 минуттан бастап қыста 30–60 минутқа дейін және жазда 1–2 сағатқа дейін ұзарта отырып, күніне 2–3 рет серуендеңіз.
3. Баланың кенеттен қайтыс болу синдромын болдырмау үшін:
• Баланы жеке төсекке арқасымен жатқызыңыз.
• Бала жатқан үйде ешкімнің темекі шегуіне рұқсат бермеңіз.
• Бала ұйықтаған кезде оның бетін бөгде зат жаппау үшін жастықтарды қоймаңыз, төсектің шетінен және оның ішінен жұмсақ ойыншықтар және орамалдар сияқты барлық керексіз заттарды алып тастаңыз.
• Баланы мұздатпаңыз (дене температурасы 36,5 0С-тан түспеуі тиіс) және ыстықтатпаңыз (температура 37,5 0С-тан аспауы тиіс).