Орталықтың 10 қызметкері жемісті еңбектері және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлестері үшін лайықты марапаттарға ие болды. Мадақтау рәсімі биыл онлайн-режимінде өтті.
Орталық директоры Дамир Көбжасаров әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, қазіргі жағдайда еліміздің азаматтарының денсаулығын нығайтуға қосып жүрген еңбектерін жоғары бағалады:
– ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» елімізде орын алып отырған қиын уақытта, төтенше жағдай кезінде атқаратын рөлі зор – Оперативті орталықтың барлық күшін жұмылдырды. Біздің мамандар күн-түн демей еңбек етіп, қазір де маңызды ақпаратпен үздіксіз қамтамасыз ету жолындағы жұмыстарын тоқтаусыз жалғастыруда, – деп атап өтті Орталық басшысы. – Сонымен қатар, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы коронавирус инфекциясы бойынша қауырт желінің қызметіне де қолдау көрсетті. Қызметкерлеріміз халықты алаңдатқан сұрақтарға үздіксіз жауап беріп отыр. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясын сырттан әкелудің және таратудың алдын алу жөніндегі оперативті Штабы құрылды. Мұндай жедел шаралар бізге COVID-19 күресте нақты әрі шұғыл әдістерді қолдануға мүмкіндік берді. Құрметті әріптестер, бұл күні сіздердің әрқайсыңызға кәсіби шеберліктеріңіз, жемісті еңбектеріңіз бен денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Мықты денсаулық, қажымас қайрат, шыдамдылық тілеймін. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бірқатар қызметкері жемісті еңбектері және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін ҚР Денсаулық сақтау министрінің мадақтауына ие болды:
Ембердиева Жазира Алимджанқызы – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»
Бердімбаева Дана Шалабайқызы – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»
Баранбаева Назым Қайырбайқызы– «Алғыс хат»
Абелдинова Дана Жанатқызы – «Құрмет грамотасы»
Әлімбетов Қуаныш Көбжасарұлы – «Құрмет грамотасы»
Гучияев Аслан Магометович – «Алғыс хат»
Рылов Виктор Валентинович – «Алғыс хат»
Сондай-ақ, “SENIМ” денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» төрағасы Сапарбек Дүйсенов қызметкерлердің келесі легіне алғыс хаттар тапсырды: 🎉
Юшицина Наталья Георгиевна – «Алғыс хат»
Махметов Айдар Джамбулович – «Алғыс хат»
Әкімханов Думан Абылайұлы – «Алғыс хат»