2015 жылдан бастап С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Бауыржан Жүсіпов Санкт-Петербург қаласында (Ресей) А.Ф. Можайский атындағы Әскери инженерлік-ғарыш институтын, Олбанидегі (АҚШ) Нью-Йорк штаты университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология бойынша магистратурасын бітірген. Қазақстандық және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген мол тәжірибесі бар.
Қоғамдық пікірді зерттеу орталығында (ҚПЗО), Орталық Азияда ауруларды алдын алу бойынша Американдық орталықтардың кеңсесінде (CDC), “Шығыс-Батыс” ЖИТС қорында, Профилактикалық медицина академиясында, Колумбия университетінің Орталық Азия бойынша ғаламдық денсаулықты зерттеу орталығында, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да жұмыс істеді.
Медициналық-әлеуметтік және эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, бағдарламаларды бағалау және деректерді статистикалық өңдеу жұмыстарына қызығушылық танытады.