ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары карантин кезінде және карантиннен кейінгі кезеңде COVID-19 алдын алу және бақылау бойынша негізгі хабарламалар мен іс-қимыл жөнінде Атырау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының ауылдық шағын кешенді мектептеріне арналған жеті онлайн-вебинардың алтыншысына қатысты. Семинар Жалпыеуропалық денсаулық апталығы аясында өтті.
Семинарға еліміздің аймақтарынан 80-нен астам адам онлайн режимінде қосылды: білім басқармасының өкілдері, мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері, мұғалімдер. Жаттықтырушы-сарапшылар: UNICEF, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, UNESCO, «University Mеdical Center» КҚ, “КаПБ” ЖШС психологиялық жеңілдету орталығының мамандары.
Вебинарға қатысушылар санитарлық және эпидемиологиялық бақылау бойынша нормативтік талаптармен, коронавирус туралы фактілермен (ҚР бойынша эпид. жағдай), карантин кезінде және карантиннен кейінгі кезеңде мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге арналған ұсынымдармен танысты.
Мектептердегі медицина персоналының рөлі, сондай-ақ адамның психологиялық-эмоционалдық қажеттіліктері айтылды, карантин кезінде және карантиннен кейінгі кезеңде ата-аналар мен балаларға арналған ұсынымдар берілді. Сарапшылар мектеп жасына дейінгі балаларға, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына арналған санитарлық ағарту жұмыстары туралы баяндады. ЮНЕСКО-ның кең аудиторияға арналған ақпараттық материалдары көрсетіліп, карантин кезінде және карантиннен кейінгі кезеңде балалардың тамақтануы жөнінде негізгі ұсынымдар айтылды.
Вебинарға қатысушыларға жұмыста пайдалану үшін ақпараттық ресурстар мен материалдар ұсынылды.