2020 жылы 8 сәуірде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы Ерсін Жүнісовтің бастамасымен, «Медицина маманының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған сандық технологиялар» тақырыбы бойынша онлайн режимінде оқыту семинары өтті.
Лектор ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, «Семей медицина университеті» КеАҚ медицинадағы IT технологиялар кафедрасының меңгерушісі Июнгүл Мұсатаева және «Семей медицина университеті» КеАҚ Цифрлық технологиялар бөлімінің бас маманы Нұрлан Тлебалдин сөз сөйледі.
СМУ Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, медицина мамандарының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін телеорталық құрды, оның жұмысы видеобайланысты пайдалану негізінде медицина персоналының ауру жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған.
Семинардың мақсаты – «Семей медицина университеті» КеАҚ сандық технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасу. Сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында медицина персоналының біліктілігі мен дағдыларын арттыру маңызды бағыт болып табылады.
Семинарға ҚР Денсаулық сақтау Вице – министрі Олжас Әбішев пен Ләззат Ақтаева, сондай-ақ ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов қатысты.
«Бұл технология әдісі пациенттің қасында болатын әріптестерге құрылған штабтың барлық тар бейінді мамандарының қашықтан консультация беруіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ видеобайланыс көмегімен тікелей визуалдау арқылы пациентке шығу мүмкіндігі беріледі», – деді Олжас Әбішев.
Онлайн оқытуға Қазақстанның барлық өңірлері қосылды, 130-дан астам медицина қызметкері тыңдады.