2020 жылы 05 сәуірде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы базасында Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының және «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы» филиалының вирусологтарына арналған «COVID-19 коронавирустық инфекциясының эпидемиологиясы» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды эпидемиолог, медицина ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ынтымақтастық, білім беру және ғылыми бағдарламалар менеджменті басқармасының басшысы Айнагүл Қуатбаева жүргізді.
Семинарға Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров қатысты, сонымен қатар Қазақстан бойынша ҰСО филиалдарының қалалық және аудандық бөлімшелерінің дәрігерлері онлайн режимде қосылды.
Семинарда мынадай мәселелер талқыланды: коронавирус тектес вирустардың жалпы сипаттамасы, ауыр жіті респираторлық синдромның (ТОРС), таяу шығыс респираторлық синдромының (МЕРС) және COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының эпидемиологиясы, клиникасының ерекшеліктері, инфекциялардың берілуі және вирустың таралу қаупі.
Қатысушылар COVID-19-ға күдік тудырған науқастардан материал алуды ұйымдастыру қағидаттары, зерттеу нәтижелілігіне әсер ететін факторлар, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясы вирусының бар-жоғына сыртқы орта объектілерін зерттеу қажеттілігі мен мүмкіндіктері туралы сұрақтарға жауап алды.