Бүгін 4 сәуірде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында Ұлттық сараптама орталығының аумақтық филиалдарының вирусологиялық және аса қауіпті инфекциялар зертханаларының мамандарына арналған Сovid-19 зертханалық диагностикалау жөнінде вебинар өтті.
Вирустық инфекцияларды бақылау референс зертханасының меңгерушісі Гаухар Нусупбаева «COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясына материал алу, сақтау, тасымалдау және зертханалық диагностикалау ережесі» тақырыбында презентация көрсетті.
Конференцияға Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының м.а. Дамир Көбжасаров қатысты, сонымен қатар Қазақстан бойынша ҰСО филиалдарының қалалық және аудандық бөлімшелерінің дәрігерлері онлайн режимде қосылды.
Вебинар кезінде мынадай мәселелер талқыланды: зертханалық диагностикаға әсер ететін факторлар, биологиялық материалдардың түрлері, биологиялық материалдың сапасы (материалды алу техникасы) және биологиялық материалдың сақталуын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, вебинар кезінде мамандар BGI «Real-time fluorescent RT-PCR kit for detecting 2019-nCoV» реагенттер жиынтығындағы ПТР диагностикалау маңыздылығын, COVID-19-ға ПТР-ОТ нәтижелерін интерпретациялауды атап өтті, сондай-ақ BGI «Real-time fluorescent RT-PCR kit for detecting 2019-nCoV» реагенттер жиынтығындағы диагностикалау кезіндегі проблемаларды айтып өтті.