Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның төрағалық етуімен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ҚР халқының арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу жөнінде жаңартылған қаулысын талқылау бойынша оперативті штабтың семинары өтті.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова дәріс оқыды. Семинарға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының басшысы Манар Смағұл, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова, сондай-ақ Денсаулық сақтау басқармасының, ұлттық орталықтардың және медициналық ЖОО басшыларын қоса алғанда 500 маман қатысты.
Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы халқының арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасына шетелден келетін барлық адамдарға, қаулыға сәйкес кейбір адамдарды қоспағанда, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін елге кіруде шектеу іс-шаралары және карантиндік стационарда 2 тәулікке оқшаулау енгізілді.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер коронавирустық инфекция (COVID-19) кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі туралы, атап айтқанда, медицина қызметкерлеріне өзін қорғау және медициналық ұйымдарда COVID-19 берілуінің алдын алу мүддесінде сақтық шараларын сақтау қажет екендігі туралы айтты.
Сонымен қатар, Айжан Серікбайқызы онлайн-семинарға қатысушылардың назарын COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу нұсқаулығы мәселесіне аударды.
Сондай-ақ COVID-19 әлеуетті эпидемиялық қаупі бар адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) тақырыбы қозғалды. Үй карантині шет елден келген күннен бастап немесе СОVID-19 расталған жағдаймен соңғы әлеуетті байланыс сәтінен бастап 14 күнге созылады. Үй карантинінің мақсаты – аурудың әлеуетті көзінен COVID-19 жұқтырудың алдын алу және Қазақстан аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу.
Сонымен қатар, ол экспресс-тестілеуді және ПТР әдісімен тестілеуді қамтитын СОVID-19-ға тестілеу алгоритмін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекцияның таралуының қауіпсіздігі мақсатында республика аумағында Шектеу іс-шаралары енгізілді: көпшілік іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар, конференция, семинарлар, көрмелер және т.б.) өткізуге тыйым салу; кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, фитнес, жаттығу залдарының (орталықтарының), ойын-сауық кешендері жанындағы балалар ойын алаңдарының, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын тоқтата тұру; медициналық көрсетімдер бойынша шетелге баратын және келетін адамдарды қоспағанда, карантин жарияланған өңірлердің/қалалардың аумағына кіруге және шығуға, сондай-ақ карантин енгізу кезеңінде стационарларда емделуде болған және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуына және т.б. тыйым салу.