3 сәуірде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында Тель-Авив қ. Ихилов атындағы аурухана өкілдерімен бейне-конференция өтті.
Ихилов атындағы медициналық орталық (Сураски) – израиль ауруханасы, ол Тель-Авив қаласында орналасқан ірі үш медициналық орталықтардың бірі болып табылады. Ішкі ағзалардың жұқпалы ауруларын емдеу саласындағы жетекші маман, халықаралық деңгейдегі сарапшы доктор Евгений Качман және аурухананың халықаралық департаментінің басшысы Роман Гольман спикер ретінде сөз сөйледі.
Доктор Евгений КАЧМАН – инфекционист, түрлі жұқпалы ауруларды диагностикалау және емдеу саласында тәжірибелі дәрігер. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі. Медицина докторы (MD). Жалпы дәрігерлік өтілі 25 жылдан асады. Өзінің күнделікті клиникалық тәжірибесінде доктор Качман Израильде және одан тысқары жерлерде мыңдаған пациентті ойдағыдай емдеуге мүмкіндік беретін ең прогрессивті және тиімді әдістерді көп пайдаланады.
Бейне-конференцияға Қазақстан тарапынан ҚР Денсаулық сақтау Вице – министрі Ләззат Ақтаеваның басшылық етуімен, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов, “Астана медицина университеті” КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева қатысты. Сонымен қатар онлайн – режимдегі конференцияға Қарағанды медицина университетінің клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректоры Бақыт Көшерова және Семей медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісов, клиникалық хаттаманы әзірлеушілер, сондай-ақ Қазақстан бойынша жұқпалы аурулар ауруханаларының өкілдері мен бас инфекционистер арасынан 100-ден астам қатысушы қатысты.
Онлайн-кездесу барысында COVID – 19 таралу мәселелері, соның ішінде емделуге жатқызу (медицина қызметкерлерін қорғау қажеттілігі және стационарлардағы COVID – 19-бен ауырмаған науқастарды қорғау), Израильде халықты оқшаулауды ұйымдастыру, орта және ауыр дәрежедегі КВИ бар пациенттерді қадағалайтын медицина қызметкерлерін тексеру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Біздің мамандарымыз қарқынды терапия және ЖРВИ белгілері бар науқастармен бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ коронавирусты емдеу үшін плазмалық терапияны және гидроксихлорохинді пайдалану арқылы клиникалық зерттеу тәжірибесі қызығушылық тудырды. Кездесу соңында екі тараптың мамандары коронавирустық инфекцияны таратпау және емдеу проблемасын шешудің кілті халықаралық мамандармен тәжірибе алмасу керек деген бір пікірге келді, бұл ауруды диагностикалау мен емдеудің озық үлгілерін қабылдауға мүмкіндік береді, мұнымен жергілікті мамандарға да бар ынтамен жұмыс істеу қажет.