2020 жылдың 19 наурызынан бастап ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшті. Бұл шара «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының шығуына, сондай-ақ жаңа коронавирустық инфекцияны таратпау мақсатында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы карантинге байланысты қажет болды.
Біз әдеттегі жұмыс орындарынан алшақтасақ та, қашықтықтан жұмыс істесек те, сіздер үшін барлық мүмкіндікті жасап отырмыз.
Химиялық, биологиялық және радиациялық сипаттағы төтенше жағдайларды үйлестіру және мониторингілеу жөніндегі Оперативті орталығымыз тәулік бойы жұмыс істейді, және COVID-19-ға қатысты сіздерге қажетті барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады:
+7 (7172) 76-80-49, +7 (7172) 76-81-65
*Мына secretariat@hls.kz деген электрондық мекенжай ҚДСҰО-ның негізгі қызмет мәселелері бойынша азаматтардан, уәкілетті органдардан және басқа да ұйымдардан хаттар қабылдау үшін жұмыс істейді.
*Мына press.ncoz.mz@gmail.com деген электрондық мекенжай медиарилейшнз және қоғаммен байланыс мәселелеріне арналған.
!!! ТЖ кезінде басқа байланыс телефон нөмірлері қызмет көрсетпейді.