Ухань қ. ауруханасының вице-президенті доктор Лия Женгтің қатысуымен онлайн көрсетілім өтті.
2020 жылдың 27 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, Ухань қ. ауруханасының вице-президенті доктор Лия Женгтің қатысуымен «Кадрлық қамтамасыз ету, ресурстық шектеулер, инфекциялық бақылау және пациенттерді сұрыптау» тақырыбында және Астаналық медицина университетінің (Пекин, Қытай) өкпе медицинасы кафедрасының меңгерушісі профессор Бин Саоның қатысуымен «Коронавируспен қатты ауырған пациенттерге қарау» тақырыбында онлайн көрсетілім өтті.
Веб-кездесуге ҚДСҰО директорының орынбасары Айдосов Сержан, «Астана Медицина университеті» АҚ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Баешева Динагүл, жоғары санаттағы анестезиолог дәрігер Тимур Капышев, сондай-ақ СМУ және ҚМУ КеАҚ өкілдері қатысты. Сөйлесу барысында коронавирустық инфекция диагнозы бар пациенттерге қарау тактикасы, пациенттердің өмірін құтқару жөніндегі озық стратегиялар және инфекцияның берілуін тоқтату тактикасы, сондай-ақ коронавируспен ауырған пациенттерді емдеудегі қиындықтар талқыланды.