2020 жылдың 12 наурызынан бастап Қоғамдық денсаулық сақтау жедел медициналық көмек орталығына Қазақстанның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары қоғамдық денсаулық сақтау: эпидемиология және биостатистика саласындағы 12 оқытушы маманды іссапарға жіберді.
Іссапардың мақсаты – аналитикалық жұмыстарды жүргізуге, қажетті нормативтік құжаттарды әзірлеуге көмек көрсету және Оперативті орталықтың жұмысына көмек көрсету, әлемдегі және Қазақстандағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалын талдау және эпидемияның даму болжамдарын жасау.
Оқытушы мамандар Қазақстанның түрлі: Ақтөбе, Семей, Алматы, Шымкент және басқа да қалаларынан келді. Олардың ішінде: «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Қоғамдық денсаулық мектебінің профессоры Фатима Шайзадина , «Семей медицина университеті» КеАҚ эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы Бақытжан Конабеков, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бақылау және статистика бөлімінің маманы Гүлжауған Габдолкаримова, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің магистратура және докторантура бөлімінің басшысы Ануар Шайхин және т.б. бар.