Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы базасында 2020 жылы 10 наурыздан бастап Орталық эпидемиологтарына арналған «Ауруларды қадағалау жөніндегі электрондық интеграцияланған жүйе (АҚЭИЖ)» атты тренинг өткізіліп жатыр.
Ауруларды қадағалау жөніндегі электрондық интеграцияланған жүйе (АҚЭИЖ) – бұл «Бірыңғай денсаулық сақтау» тұжырымдамасы аясында аурулардың мониторингі мен профилактикасын күшейтуге және қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.
Тренингтің мақсаты Орталық эпидемиологтарының АҚЭИЖ веб – қосымшасына қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады, бұл қатысушыларға АҚЭИЖ пайдалану кезінде базалық компьютерлік білім алуға мүмкіндік береді.
Оқыту тренері – Қазақстандағы «Black & Veatch» аналитик тренері Талғат Төлендинов.
Оқыту кезінде қатысушылар ауруларды қадағалаудың жаңа әдістері туралы білетін болады және жұмыста қолдана алады.
Тренинг жұмысын ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін жалғастырады.