Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасында балалар мен жастар арасында жыныстық ағартуды дамыту мәселесін талқылау. Бүгінгі шындығы және келешегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» және «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырды.
Іс-шараға Отбасылық тәрбие институтының бас директоры Софья Евдокимова, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Раиса Петровна, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы” директорының ұйымдастыру және эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Мусина Салтанат Берікқызы, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының (ЮНФПА) өкілі Тельтаева Дина Тохтарқызы, БҰҰ ЮНЕСЕФ Балалар қорының ҚР-дағы өкілі Қанат Суханбердиев, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров және т.б. қатысты.
Іс- шараны өткізудің мақсаты – ҚР-да жыныстық ағарту бойынша нақты жағдайды анықтау және стратегияны әзірлеу үшін мемлекеттік органдармен және басқа да қоғамдастықтармен күш- жігерді біріктіру қажеттілігі.
Қазақстанда жыл сайын жасөспірімдер арасында жүкті болып қалу, көшеге тастаған нәрестелердің жағдайы, балалар мен әйелдерге қарсы бағытталған сексуалды және физикалық зорлық-зомбылық фактілері мыңдап тіркеледі. Мұндай жағдайда жас қыздар мен жігіттер өздерін физикалық және эмоционалдық жағынан қорғай білу керек. Олар қауіпсіз сексуалды мінез-құлық дағдыларын алу үшін, ақпараттандырылған шешімдерді қабылдау үшін және стереотиптерді еңсеру үшін жыныстық және гендерлік ағарту мәселесін білуге мұқтаж.
Ұлттық зерттеу нәтижелері ата-аналар (77%) мен мектеп қоғамдастығы (63%) тарапынан қолдау деңгейінің төмен екендігін көрсетеді. Бұл дегеніміз, жасөспірімдер арасында жыныстық жетілу туралы негізгі ақпарат көзі құрдастары мен интернет болып отыр, мұнда олар порнографиялық сипаттағы материалдарға сүйенуі мүмкін.
15 жастағы жасөспірімдердің 7% -ы алғашқы жыныстық қатынас туралы хабарлап айтады. Олардың 14% -ы ұлдар және 1% -ы қыздар, яғни 15 жаста қыздарға қарағанда, ұлдар сексуалды жағынан өте белсенді болады. Бұл ретте ұлдардың 70% -ы (15 жас) және қыздардың 25% -ы (15 жас) жыныстық қатынас кезінде қорғаныш құралдарын пайдалану туралы мәлімдейді. Мұндай көрсеткіштер жасөспірімдердің білім деңгейінің жеткіліксіз екендігін айғақтайды.