Қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар, мемлекеттік органдардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының және ҮЕҰ өкілдері Қазақстанның химиялық қауіпсіздік бойынша әлеуетін нығайту мәселесін талқылады.
Нұр-Сұлтан қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасымен «Халықаралық экологиялық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету арқылы химиялық заттарды реттеу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық әлеуетін күшейту» жобасы бойынша кіріспе семинар өткізілді.
Семинарға қатысушылар ҚР-дағы БҰҰДБ жобасының алдына қойылған міндеттермен танысты, бұл міндеттер ұлттық деңгейде химиялық заттарды реттеудегі кешенді тәсілді іске асыру үшін әлеуетті нығайту бойынша елдің күш-жігерін қолдауға бағытталған.
Жобаның негізгі міндеті үкіметтік мекемелер арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсартуға жәрдемдесу, халықаралық көп жақты табиғат қорғау келісімдерін орындау үшін заңнамалық базаны жетілдіру, әлеуетті арттыру және мүдделі тараптарды химиялық қауіпсіздік және химиялық заттарды жіктеу мен таңбалау жүйесі туралы хабардар ету болып табылады.
Әлемде химиялық өнімдер өндірісінің өсуі байқалады. Бұл үрдіс біздің республикамызды да айналып өтпеді. Қазақстанда 2018-2019жж. кезеңде өндіріс көлемі 0,5% -ға өсті. Елімізде барлық химиялық заттардың ішінде пестицидтер көп қолданылады. Республикада 900-ге жуық пестицид тіркелген, жыл сайын пестицидтер тізбесі жаңа 15-20 препаратпен толықтырылады. Дамыған елдерде тыйым салынған 25 пестицидтің ҚР-да қолдануға рұқсат етілгендігін атап өту керк.
Соңғы жылдары еліміздегі статистика инфекциялық емес аурулар санының, әсіресе қоршаған ортаның өзгеруіне аса сезімтал балалар арасында өскенін айғақтайды. Көбінесе халық тыныс алу мүшелерінің, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан зардап шегеді. Туа біткен ауытқулар жиілігі артты. Өндірістік аурулардан бірінші орында тыныс алу мүшелерінің аурулары тұр.
Осыған байланысты, халықаралық міндеттемелерді орындау және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға барынша аздап әсер етуді қамтамасыз ету мақсатында химиялық заттар мен қоспаларды ұтымды реттеу мәселелері бойынша ұлттық әлеуетті жақсарту өте өзекті болып отыр.
ҚР-дағы БҰҰДБ жобасының мақсаты мен міндеттері 2018 жылдан бастап республикада іске асырылып келе жатқан ДДСҰ «Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азияның жекелеген елдерінде химиялық заттарды ұтымды реттеудің ұлттық жүйелерінің негізгі элементтерін құру» жобасымен тығыз өзара байланысты. Осы семинар аясында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларын мониторингілеу бөлімінің басшысы Жүнісова Насима бұл жобаны іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Ол химиялық өнімнің қауіпсіздігіне, халыққа қауіпті химиялық заттардың қасиеттері туралы хабардар етуді арттыруға жауапты барлық мемлекеттік органдардың тығыз ынтымақтастық етуінде химиялық заттардың жарамдылық мерзімі бітпей, оларды орынды пайдалануға болатындығын, химиялық заттарды өндірудің және қолданудың адам денсаулығы мен оның қоршаған ортасына елеулі кері әсер етуін барынша азайтуға болатынын атап өтті.
ҮЕҰ, атап айтқанда «Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы» қоғамдық қоры тарапынан әзірленген Экологиялық кодекс жобасына енгізу үшін ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Еліміздегі өңірлердің өнеркәсіп өкілдері заңнамалық актінің кейбір нормаларындағы олқылықтарды жою жөнінде бірқатар ұсыныстар