Айдосов Сержан Сарсынбекұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Еңбек жолын 2015 жылы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-да бас менеджер лауазымынан бастады, әрі қарай Дүниежүзілік банк жобаларындағы корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу бойынша жоба жетекшісі болып жұмыс істеді.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында 2017 жылдан бастап Бас директордың кеңесшісі лауазымында қызмет істеді.
Қазақстанда МСАК бойынша Жаһандық конференция кезінде Астана декларациясына қол қойған жылы (2018 жылы) Женева қаласындағы ДДСҰ штаб-пәтерінде конференцияның негізгі құжаттарын дайындау бойынша ҚР өкілі болды.
2019 жылдан бастап Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Басқарушы директор лауазымын атқарды.
Қазақ, орыс, ағылшын, неміс және түрік тілдерін жетік меңгерген.