ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Қазақстан Республикасындағы Елдік офисімен, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің (ТҚСҚБК) Павлодар облысы департаментімен бірлесіп, 18-20 ақпан аралығында «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» (ДНЫМ) жобасын іске асыру шеңберінде мектептерге техникалық жағынан консультация береді. Павлодар облысында ДНЫМ енгізудің бастапқы кезеңі бағдарламасына қатысатын 72 мектеп іске кірісті.
Мектеп директорларына, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, медицина қызметкерлеріне және әлеуметтік педагогтарға, сондай-ақ жұмыс орындарында Денсаулық сақтау және білім басқармаларының өкілдеріне, өңірлік деңгейде ДНЫМ жобасын іске асыруға жауапты ТҚСҚБК аумақтық департаменттерінің өңірлік және аудандық үйлестірушілеріне оқыту сессиясы өткізіледі.
Техникалық консультация берудің мақсаты – Еуропа елдерінің үздік тәжірибесін есепке ала отырып, мектептерде денсаулықты нығайтудың жалпы қағидаттарын таныстыру. Сонымен қатар мектептегі күнделікті ахуалды бағалау құралдарын пайдалану және мектеп ортасында денсаулықты нығайту жөнінде одан әрі іс-қимылдарды жоспарлау бойынша практикалық тренингтер өткізіледі.
Кейбір мектептер тамақтану мәселесін шешу үшін жергілікті өндірушілерді белсенді түрде тартып жатыр. Ақсу қаласының Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің іс-тәжірибесін ерекше атап өтуге болады, ол мектепте тамақтану рационын көкөніс дақылдарымен толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ 5-6 сынып оқушыларын тегін тамақтандыру үшін жергілікті шаруа қожалықтарымен серіктестік орнатты. Бұл – мектеп ортасында денсаулықты нығайту бойынша ортақ мақсатқа жету үшін бизнес-қауымдастық пен білім беру секторы арасындағы коллаборация жемісі.
Оқыту сессиясы барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы 2018 ж. «Денсаулыққа қатысты мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқы» және 2015-2016 жж. «Қазақстан Республикасында балалар семіздігіне эпидемиологиялық мониторинг жүргізу және оны қалыптастыратын факторлар» ұлттық зерттеулерінің нәтижелері көрсетіледі.
Осылайша, денсаулықты нығайту жеке мінез-құлықты да, әлеуметтік қатынастардың, қоршаған ортаның және өмір сүру жағдайларының сапасын да бағамдайды. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептердің жеке факторлар мен қоршаған ортаның факторлары сияқты адам денсаулығы мен әл-ауқатына да әсер ететінін көрсетеді.