ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында (ҚДСҰО) директор м.а. Д. А. Көбжасаров Орталық Азия аймағы бойынша CDC (АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары) өңірлік директоры Daniel Singerмен, Орталық Азиядағы денсаулық сақтау және білім беру орталығының /USAID директоры Joshua Karnesпен және денсаулық сақтау жөніндегі өңірлік маман Махмудова Шолпанмен жұмыс кездесуін өткізді.
Халықаралық серіктестер сапарының мақсаты – ҚДСҰО ТЖ оперативті орталығының жұмысымен танысу, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылау. Серіктестер, бірінші кезекте, коронавирусқа тестілеуден өту бойынша ҚДСҰО мүмкіндіктеріне және осы диагностика түрінің дұрыс өлшемшартына қызығушылық танытты.
Басшының міндетін атқарушының айтуынша, бүгінгі таңда ҚДСҰО-да коронавирусты анықтау үшін қазақстандық, ресейлік және қытайлық тест-жүйелері бар. Кездесу барысында сондай-ақ Оперативті орталықтың қызметі, әлемдегі коронавирус ахуалын бақылау және мониторингілеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және call-орталыққа күн сайын келіп түсетін қоңыраулар саны жөнінде ақпарат берілді.