ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) бүгін ҚР ДСМ бастамашылық еткен Денсаулық туралы жаңа Кодекс жобасын талқылау бойынша іс-шараларға қатысты. Сондай-ақ талқылауға қоғам өкілдері шақырылды – Кодекс жобасын үкіметтік емес секторды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптар, сонымен қатар қоғамдық қозғалыстардың белсенді көшбасшылары мен қатысушылары бір жарым жыл бойы талқылады.
Іс-шараға қатысушылардың көпшілігінің пікірі бойынша, халық пен көшбасшылар тарапынан Кодекстің жаңа редакциясы жобасын белсенді түрде талқылау Қазақстан Республикасындағы демократиялық процесстер мен азаматтық қоғамның кемелденуінің көрінісі болып табылады.
Басшылық пен қызметкерлерден басқа, Кодекстің жаңа редакциясын талқылауда Денсаулық елшісі – марафоншы, ірі шөл далаларды жалғыз жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам, Гиннестің рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы Марат Төлегенұлы Жыланбаев болды. Марат Төлегенұлы сондай-ақ үлкен қоғамдастықтың ұйымдастырушысы, адамдарды салауатты және белсенді өмір салтына жүгірумен жүйелі түрде шұғылдану арқылы шабыттандыруға ұмтылады.