Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының базасында 4 күндік оқу семинары өткізілді.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық емес аурулар департаментінің инфекциялық емес ауруларды мониторингілеу бөлімінің басшысы Насима Жүнісова оқуға қатысып, семинар жұмысы туралы айтып берді.
Оқу «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы қатысушы елдерінің арасында ауыл шаруашылық өндірістік-тұрмыстық тізбегіндегі тамақ өнімдері қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын нығайту аясындағы өңірлік әлеуетті дамытудағы техникалық көмек» жобасының шеңберінде өтті.
Жобаның негізгі мақсаты: ХАССП (HazardAnalysisandCriticalControlPoints (HACCP) қағидасын қолдану бойынша тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласының мамандарын даярлау — өз қызметі барысындағы тәуекелдер мен критикалық бақылау нүктелерін талдау.
Оқу барысында оқытылғандар тиісті ауыл шаруашылық және гигиеналық нормалар және практикалармен танысты, ал қатысушы мамандардың бір бөлігі тамақ өндірісі объектілеріне барды, ол жерде өндірілетін өнімнің бактериологиялық, химиялық және физикалық ластануына ықпал ететін әлсіз буынды анықтау мақсатында тәуекелдерді талдауға негізделген Еуропа елдерінің тексеру парақтары қолданылды.
Қатысушылар жүргізілген зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, оның қорытындылары бойынша семинар тренері Фред Менс қате шешімдерді жою және соңғы тамақ өнімінің қауіпсіздігіне критикалық бақылау нүктелерінің ықпалын төмендету үшін оларды әрі қарай түзету бойынша құнды ұсыныстар берді.
Оқу соңында тыңдаушылар тамақ кәсіпорындарының жобалау негіздеріне және тамақ өнімдерін өндіру технологияларына оқытылды. Бұдан бөлек, технологиялық үдерістерге сәйкес тамақ кәсіпорындары жобаларын бағалауды; тамақ кәсіпорындарын тексеру барысындағы негізгі операциялық қызметтерге қатысты талдау жасап, пікір білдіруді үйренді.