БҰҰ Бас ассамблеясы 1992 жылы қырық жетінші сессиясында Халықаралық мүгедектер күнін 3 желтоқсанға белгіледі. Сонымен бірге ұйым БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді мүгедектердің қоғамдық өмірге кірігуін жеңілдету мақсатында барынша іс-шараларды өткізуге шақырды. Бұл айтулы күнге 1983 жылы басталған БҰҰ-ның мүгедектерінің онжылдығы себеп болды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 680 мың мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, олардың 87 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. Елімізде соңғы жылдары мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға, сонымен қатар, олардың медициналық және әлеуметтік қорғауына көп көңіл бөлінуде.
Бұл мереке, ең алдымен, адамдардың назарын мүгедек жандардың проблемаларына, олардың қоғамдық, саяси, экономикалық және мәдени өмірге белсенді қатысуына, құқықтары мен қадір-қасиеттерін қорғауға бағытталған.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлтық орталығы сіздерді мерекелеріңізбен құттықтайды! Сіздерге мықты денсаулық тілейміз!