Бүгін «Астана Медицина университеті» Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының II және IV курс студенттері аға оқытушы Еркебұлан Бүркітбаевтің басшылығымен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына экскурсия жасап барды.
Оқытушы атап өткендей, ҚДСҰО-ға бару балалардың өз қалауы мен бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ғылым және кәсіби даму бөлімінің басшысы Зарина Макашева студенттерді Орталықтың жұмысымен таныстырып өтті.
Мақсаты – студенттерге болашақ маман ретінде қоғамдық денсаулық сақтаудың денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлін түсіндіру, сонымен қатар Орталық қызметімен таныстыру болды.