Жыл сайын 14 қарашада Дүниежүзілік диабетпен күресу күні атап өтіледі (World Diabetes Day).
Қант диабеті әлемде ең көп таралған эндокринологиялық ауру болып табылады және оның дамуы ағзадағы көмірсулар алмасуының бұзылысымен байланысты. Диабет ағза қандағы қант деңгейін (глюкоза) көтере алмағанда пайда болады. Қан қоюланып, уақыт өте келе инфаркт, инсульт, соқырлық, бүйрек жетіспеушілігі және аяқ гангренасына әкелуі мүмкін. Бүгін, ДДҰ деректері бойынша, әлемде 422 миллионға жуық диабетиктер тіркелген. Алайда, диабеттің денсаулыққа төндіретін күрделі қаупіне қарамастан, жартысына жуық көптеген диабетиктер өз аурулары туралы тіпті күмәнданбай, мүлдем білмей жатады.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары диабетпен ауырмау үшін мына қағидаларды сақтауға кеңес береді:
Дұрыс тамақтану. Ұйқы безіне ауырлық келтірмес үшін (инсулин шығаратын) көмірсулар тұтынуды азайту керек, сондай-ақ жақсы қалыпта болу үшін күнделікті тұтынылатын калория мөлшерін азайту қажет. Диабеттің алдын алу үшін ас үлесінен қантты және құрамында қанты бар кез-келген азық-түлікті (печенье, табиғи емес сусындар) алып тастау керек. Оның орнына құс етін, калориясы аз балық, көкөністер, тәтті емес табиғи сусындар тұтынған жөн. Макарон және ұн өнімдерін, татымды, ащы және қақталған ас ішуді шектеген дұрыс. Қуырылған тамақты буға пісірілген, көмештелген немесе бұқтырылған тамаққа алмастыру қажет.
Күнделікиі физикалық жүктемелер. Егер күніне ең болмаса жарты сағат дене шынықтырумен айналысқан жағдайда қант диабетінің профилактикасы тиімді болады. Физикалық жүктемелер алмасу процесіне жақсы әсер етеді, соның нәтижесінде майлар ыдырап, қандағы май құрамы жақсара түседі, сәйкесінше дене массасы да азаяды. Қант диабетінің алдын алу үшін жаяу жүріп, велосипед айдау керек, сонымен бірге бимен, жүзумен, футболмен және басқа да спорт түрлерімен айналысу қажет.
Рухани тендікті сақтап, жақсы көңіл-күйде болу. Үнемі күйзелістер аурудың пайда болуының басты себебі болғандықтан, қант диабетінің алдын алу үшін эмоционалдық жағдайды бақылау қажет. Көңіл-күйі нашар адамдармен аз араласып, күйзеліске ұшырататын жағдайлардан аулақ болған жөн.
Медициналық тексеруден тұрақты өту. Қауіп тобындағы адамдарға диабеттің алдын алу үшін кем дегенде жарты жылда бір рет талдаулар тапсырып тұру қажет.
Қант диабетінің белгілері: үнемі шөлдеу, ағзаның құрғап сусыздануы, қатты ашығу, жүдеп кету; көру қабілетінің бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, терінің тітіркенуі және қышып дуылдауы. Егер осы белгілердің біреуін байқаған болсаңыз жедел дәрігерге жүгініңіз!