Назар аударыңыздар, бос орын!

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Қоғаммен байланыс бойынша бөлім басшысы» бос лауазымдық орынға конкурстық іріктеу жүргізетіні туралы хабарлайды.

Міндеттері:
1) Қоғаммен байланыс бойынша бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды;
2) Қоғаммен байланыс бойынша бөлім қызметін жоспарлауды, ұйымдастыруды жүзеге асырады;
3) Кәсіпорынның бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауын жүзеге асырады;
4) Медиа-жоспарларды әзірлейді және іске асырады;
5) Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарынан жаңалықтарды іріктейді;
6) Кәсіпорын өткізетін іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
7) баспасөз конференцияларын, бирфингтер, медиа-киттер, бэкграундтер, Кәсіпорын басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат беруін ұйымдастырады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз хабарламаларын, Кәсіпорын қызметі туралы басқа да ақпараттық материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;
8) БАҚ саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
9) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауы жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Қойылатын талаптар:
*Жоғары (немесе ЖОО-дан кейінгі) білімі (гуманитарлық – журналистика, филология, орыс тілі және әдебиет, қазақ тілі және әдебиет, оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде шетел тілі, орыс тілі және әдебиет, қоғаммен байланыс, мемлекеттік және жергілікті басқару), мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
*Қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да норматвитік-құқықтық актілерін, кризистік жағдайларда жұмыс жасау әдістерін, ақпараттық науқандар жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін, бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттарды (келісімшарттарды) құру және жасау тәртібін, заманауи байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпараттарды жинау және өңдеу тәсілдерін, мемлекеттік және қызметтік құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну, оны сақтау және пайдалану тәртібін, бұқпаралық ақпарат құралдармен жұмыс жасау әдістерін білуі.

Түйіндемені 777.aseka.777@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.
Телефон: 8(7172) 95-41-51