Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), ЮНИСЕФ, Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан Денсаулық сақтау министрліктері, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары, қала емханалары өкілдерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мамандарының және ҮЕҰ қатысуымен Астана Декларациясының қабылдануының алғашқы мерейтойын атап өтуге арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Оны өткізудің мақсаты: халықаралық және ұлттық деңгейлерде МСАК нығайтудың тиімді үлгілерімен және алғы тәжірибелермен бөлісу болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында түрлі мүдделі тараптарды МСАК нығайту үдерісіне тарту, қауымдастықты (пациенттер, ҮЕҰ) МСАК-қа қатыстыру, медициналық білім беру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, шалғай аудандарда МСАК нығайту, МСАК нығайтудағы цифрландырудың рөлі және т.б. мәселелер талқыланды.
Жиын қатысушыларының алдында сөз сөйлей отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уәлихан Ахметов былай деді: Біз қоғам өміріндегі үлкен қалалардың рөлі мен қалалану сияқты қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің жаңа сындарына ілесе отырып, Баршаға денсаулықты (#HealthForAll) ілгерілету бойынша нақты шараларды қабылдаумен МСАК-ты қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерімен айтарлықтай жақын сәйкестендіру сияқты ынтымақтастықты қамтамасыз етуді негізге аламыз.
Ол аурулардың алдын алу, денсаулықты нығайту, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру оның ішінде: сексуалдық және репродуктивтік денсаулықты қорғау және қауіпсіз мінез-құлық, отбасылық өмірге дайындық мәселелері бойынша жастар мен жасөспірімдерге консультациялық көмек беруді дамыту, сондай-ақ білім беру ұйымдарында «Денсаулықты нығайтуға ықпалдасатын мектептер», «Саламатты университеттер» және т.б. ДДҰ жобаларын енгізу сияқты мәселелер бойынша қоғамдық денсаулық сақтау қызметімен МСАК бірлескен құзыреттіліктерінің жанасқан нүктелерінде жұмыстың үйлесімділігі жетілетінін айтып өтті.
Қоғамдық денсаулық сақтаудың жедел функцияларын бағалау негізінде күш-жігерлерді үйлестіре отырып, Денсаулық сақтау министрлігі жас буындарға назар аудару арқылы Денсаулық туралы жаңа кодексте және Денсаулықты дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада қоғамдық денсаулыққа қатысты жаңа саясатын көрсетуде.
«1978 жылғы декларацияның өзектілігі денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтылу (UHC) дәуірінде анағұрлым артып келеді. Тұрақты даму саласында БҰҰ мақсаттары мемлекеттерге барлық азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ұлттық саясат құру үшін мықты іргетас болуын қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу және олармен күресу саласындағы салааралық және мемлекетаралық ынтымақтастық арқылы көптеген өмірді құтқарып қана қоймай, өмір сүру сапасын арттырып, өміршеңдікті жоғарылатамыз деп үміттенемін», – деп өз сөзін қорытындылады Уәлихан Ахметов.
2018 жылғы 25-26 қазанда Қазақстанның астанасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастырған Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі (МСАК) жаһандық конференция өткізілгенін еске саламыз, оның нәтижесінде 194 ДДҰ мүше-мемлекеттері МСАК жөніндегі Астана Декларациясын қабылдаған. Ол құжатта денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамту үшін тұрақты денсаулық сақтау жүйесінің және денсаулықпен байланысты Тұрақты даму мақсаттарына жетудің іргетасы болып табылатын, МСАК нығайту арқылы мемлекеттердің халықты қолжетімді және сапалы медициналық қызметтермен қамтуға бейілділігі көрсетілген.