Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Лунд Университеті (Швеция), Vilnius University (Литва), Башкент Университеті (Түркия), Poznan University of Medical Sciences (Польша), Назарбаев университетінің Медицина мектебі, еліміздің медициналық ЖОО, ҚР ДСМ ұлттық және ғылыми орталықтары мен ҮЕҰ сарапшыларының қатысуымен Стратегиялық серіктестік жөніндегі конференция өз жұмысын бастады.
Іс-шара барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен және денсаулық сақтау жүйесінің түрлі бағыттары бойынша стратегиялық серіктестік нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ, МСАК қызметін және медициналық жедел жәрдем қызметін жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесінің мамандарын даярлау, мейірбикелік қызметті және Қазақстандағы Университеттік автономияны дамыту мәселелері талқыланды.
«Денсаулықты нығайтудың кешенді амал-тәсілдері» тақырыбындағы баяндамасында, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уәлихан Ахметов 2020-2025 жылдарға арналған жаңа Денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасының жобасында халық денсаулығына ықпал ететін жағдайларды жақсарту бойынша шаралар қарастырылғанын айтты, олар халық денсаулығына қауіп факторларының тигізетін әсерін төмендету, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, жарақаттанушылықты төмендету, эпидемиялық қадағалау жүйесін жаңғырту. Қан айналымы жүйесі, асқазан-ішек жолдары ауруларынан, онкологиялық аурулардан болатын өлімді, ана мен бала өлімін төмендету бойынша міндеттер шешілетін болады.
«Бұдан бөлек, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жаңа редакциясындағы негізгі бағыттардың бірі ата-аналар мен балалардың, жастардың, ересектердің және қарттардың денсаулығын қорғауды қамтитын қоғамдық денсаулық болып табылады», – деп белгілеп өтті Уәлихан Ахметов.
3 негізгі патология (артериялық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі, қант диабеті) бойынша Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу нәтижесінің оң әсері бақыланатынын атап кету керек. Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде артериялық қысымы тұрақталды, қант диабетінен зардап шегетін науқастарда оң динамика байқалады және созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді емдеуге жатқызудың жаңа жағдайларының саны төмендеуде.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және «Nur Otan» ҚБ-мен қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумның шеңберінде нандағы және нан-тоқаш өнімдеріндегі тұз мөлшерін кезеңімен азайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Қоғамдық тамақтану нысандарында тұз мөлшерін шектеу, қантты азайту, пайдалы тамақтану индустриясын дамыту мәселелері бойынша осындай меморандумдар еліміздің 10 өңіріндегі тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану нысандарымен жасалған.
«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер», «Саламатты жұмыс орындары» және «Саламатты университеттер» кіші жобаларымен «Денсаулықты қолдайтын саламатты қалалар мен өңірлер» Ұлттық желісі» жобасы іске асырылады. Аталған жоба Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жобалық кеңесінің құрамына кірді және ҚДСҰО ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық үйлестіру кеңесі тарапынан ұлттық үйлестірушісі болып белгіленді.
«Х.Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалы базасында Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды, оның басты міндеттерінің бірі – медициналық көмек көрсету кезінде инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ) бағдарламаларын қолдау, оның ішінде деректерді талдау, жинақтау және мониторингілеу бойынша әдістемелік базаны қамтамасыз ету болып табылады. Пилоттық өңірлерде ДДҰ ұсыныстарына сәйкес, ИАИБ бағалау жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде медициналық мекемелердің басшыларында әрі қарай қауіпсіз медициналық көмек көрсету қызметін жетілдіру бойынша шараларды енгізу үшін ИАИБ туралы жан-жақты ақпарат болады.
ИАИБ және МКҚИ-ді заманауи халықаралық талаптармен үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін солар бойынша нормативтік-құқықтық актілердің талдауы жасалды.
Эпидемиялық қадағалау жүйесін жетілдіру бойынша НҚА өзектендіру және үйлестіру, ДДҰ құралдарын кезеңімен пилоттық енгізу, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру медициналық қызметтер көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және бақылау бойынша жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Кеңес шеңберінде инновациялық әзірлемелер көрмесі өткізілгенін атап өткен жөн.
Конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.