Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы арасында өзара ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қою халықтың денсаулығын нығайту және дұрыс тамақтану саясатын қалыптастыру саласында тараптардың ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.
Осы Меморандумның негізгі мақсаты қазақстандықтардың денсаулығын нығайту мақсатында өзара іс-қимылды дамыту болып табылады. Өндірілетін өнімдерде тұзды азайту бөлігінде нан-тоқаш өнімдерінің рецептурасын өзгерту жөнінде өндірушілермен ынтымақтастық күтілуде, тамақтану және денсаулықты нығайту мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар мен акциялар өткізу, «Салауатты қалалар мен аймақтар денсаулық үшін» ұлттық желісін іске асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ Жастарға достық көмек көрсетуді жетілдірудің жаңа жобасы шеңберінде «Жас Отан» жастар қанатымен жұмыс істеу күтілуде.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы дұрыс тамақтану саясатын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірледі. Нан-тоқаш өнімдерін өндірушілермен бірлесіп, нандағы тұзды біртіндеп азайту жөніндегі Іс-шаралар жоспары құжаттардың бірі болып саналады. Сондай-ақ, Орталық оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай стандартын енгізу бойынша жобаны іске асырады. Мектепке дейінгі балаларға арналған тамақтану стандартын әзірлеу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ҚДСҰО әкімдіктермен бірлесіп, «Салауатты қалалар мен аймақтар денсаулық үшін» Ұлттық желісі» жобасын іске асыруды бастады, оның мақсаты саяси бейілділік, институционалдық өзгерістер, адам капиталының жинақталуы, серіктестік пен инновацияларға негізделген жоспарлау болып табылады. Жоба қала өмірінің барлық саласын қамтиды және денсаулықты нығайту саласындағы әлеуетті арттыруға және қала (аудан) шеңберінде дұрыс жағдай жасауға жәрдемдеседі. «Салауатты қалалар мен аймақтар денсаулық үшін» Ұлттық желісі үш кіші жобаны қамтиды, атап айтқанда, «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер», «Салауатты университеттер» және «Салауатты жұмыс орындары».
Ынтымақтастық шеңберінде бағытталған бағыттардың бірі жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын белсенді түрде тарту арқылы нығайту болады. Қазақстанда 117 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді, олар 11-29 жас аралығындағы жастарға қалауынша барлық консультациялық, психоәлеуметтік және құқықтық көмек көрсетеді.
Ынтымақтастық шеңберінде жергілікті және ұлттық деңгейдегі жобалар бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу, азаматтық қоғамның әртүрлі құрылымдарымен өзара іс-қимылды жандандыру, сондай-ақ партияның диалог алаңдарына Орталық мамандарының қатысуы, оларды спикер және сарапшы ретінде тарту жоспарланды.
Тараптар салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау ісінде өзара ынтымақтастық пен күш-жігерді шоғырландыру республика халқының денсаулығын нығайтуға негіз болады деп күтуде.