2019 жылғы 5 қазанда Нұр – Сұлтанда «Бала және денсаулық» әлеуметтік жобасының шеңберінде «16 жасқа дейінгі және асқандар. Маңызды әңгімелер» тақырыбында талқылау өткізілді.
Ұйымдастырушылар: Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, «Шығармашылық бастамадағы әйелдер лигасы» ҚБ, Uyatemes.kz жобасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Y-PEER Kazakhstan қозғалысы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ болды.
Іс-шараға Қарлығаш Қабатова – Uyatemes.kz жобасының авторы, Камила Тұяқбаева – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қоғамдық денсаулықты нығайту орталығы басшысының орынбасары, сексуалды және репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша Y-PEER желісінің халықаралық тренері, Балнұр Сүгірәлиева – «ZhastyqTalk» қоғамдық қорының басшысы және басқа да қоғам өкілдері қатысты.
Әр жыл сайын Қазақстанда жеткіншектер жүктілігі, көшеде тастанды нәрестелер, балалар мен әйелдерге қарсы бағытталған сексуалды және физикалық зорлық-зомбылық, суицид жағдайлары мыңдап тіркелуде. Мұндай жағдайда жас қыздар мен жігіттер өзің физикалық және эмоционалдық тұрғыдан қорғау керек. Оларға қауіпсіз сексуалды мінез-құлық машықтарын үйрету, ақпараттық шешімдер қабылдап, біреуге «жоқ» деп айта алмайтындай өзің құртатын таптаурындарды еңсеру үшін жыныстық және гендерлік білім беру керек.
«16 жасқа дейінгі және асқандар. Маңызды әңгімелер» атты іс-шарасы әдеттегі форматта өтпеді, қатысушылар қызықты спикерлерді тыңдап, өздері үшін маңызды тақырыптарды талқылады.
Жыныстық сауаттылықты қазақ тілінде жеткізетін «ZhastyqTalk» плафтормасының негізін қалаушысы, Y-PEER желісінің волонтері Балнұр Сүгірәлиева былай деді: «Біз қазақ тілінде жыныстық сауаттылыққа байланысты мағлұматтарды айтарлықтай деңгейде дамытып жатырған жоқпыз. Әлі де терминдерді аударудамыз, бірақ маңызды және қызықты тақырыптар жайлы сөз қозғамаймыз. Яғни кәмпиттің қабығын әсемдеп жүрміз де,кәмпиттің өзіне аса мән бермейміз. Осының нәтижесінде қазақ тілді аудиторияның ақпаратқа қолы жетпей, қалаусыз жүктілік, аборт мәселелеріне жетелейді».
Іс – шара соңында Y-PEER желісінің волонтерлары «Однажды в жизни» аттты қойылымында шынайы уақыт режимінде ойластырылмаған, өзімшіл шешімдер жастардың өміріне қалайша ықпал ететінін көрсетті.