2019 жылы 24 шілдеде «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты – салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру, жастардың денсаулығын нығайту мақсатында тұзды кезең-кезеңмен 1 грамға төмендету бойынша нан/нан-тоқаш өнімдерінің рецептурасын өзгерту.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен дұрыс тамақтану саясатын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені әзірленді. Құжаттардың біріне нан және нан-тоқаш өнімдеріндегі тұзды кезең-кезеңмен төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары жатады. Орталық бұл бастаманы басқа да нан-тоқаш өнімдерін өндірушілер де қолдайды деп жоспарлап отыр.
Тұзды жоғары тұтыну семіздік, ІІ типті қант диабеті және онкологиялық аурулардың кейбір түрлері, артериялық гипертензия, инсульт, инфаркті қоса алғанда жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуына әкеп соғады.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Руслан Сатывалдеев былай деді: «Сәкен Сейфуллин атындағы Аграрлық университеті нан-тоқаш өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайту оның дәмдік қасиетіне, өндіру технологиясы мен сақтау мерзіміне ешқандай теріс әсер бермейтінін практикалық зерттеулер жүргізу негізінде дәлелдеген алаңға айналды. Жұмыстың оң тәжірибесі оны жоғары ауқымды нан өндірушілерінде көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта ҚДСҰО «Нұр-Отан» партиясының астанадағы филиалымен бірге нандағы тұз мөлшерін азайту бойынша ірі нан-тоқаш өндірушілерімен жұмысты бастады. Ірі өндірушілерден бөлек, аталмыш акцияға кішігірім наубайханалар да қосылуға ниет білдіруде».
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстанда тұзды тұтыну әлемдегі ең жоғары деңгейде және ДДҰ ұсынған тәуліктік дозадан 3 еседен артық, яғни тәулігіне 17 грамм, норма болса 5 грамм құрайды.
.ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, тағам өнімдеріндегі тұздың санын азайтуды жаппай тұтыну өнімі ретінде наннан бастау неғұрлым тиімді.
Қазіргі күнде, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру жөніндегі эксперименталдық-өндірістік цехында Еуразиялық экономикалық одақтың нормативті-құқықтық құжаттарының талаптарына сай келетін нан-тоқаш өнімдерінің 15-тен астам түрі өндірілуде. Инфекциалық емес аурулардың алдын алуға бағытталған меморандум аясында ЖОО студенттері мен оқытушылары үшін тұзы аз мөлшердегі нанды өндіру басталды. Екі жақты ынтымақтастық шеңберінде халықаралық сарапшыларды тарта отырып, әртүрлі тамақ өнім түрлерінде тұзды төмендету мәселелері бойынша консультациялар, семинарлар, сондай-ақ дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша бірлескен түрлі акциялар ұйымдастырылатын болады.