2019 жылғы 24 шілдеде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында ЮНИСЕФ өңірлік кеңсесінің денсаулық сақтау және тамақтану саласындағы маманы Амирхоссейн Ярпарвар және БҰҰ Қазақстандағы Балалар қоры өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия және Кавказ елдерінде тамақтану саласындағы әлеует пен серіктестікті арттыру жөніндегі Өңірлік платформа хатшылығының екіжылдық жұмыс жоспарын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
2018 жылғы шілдеде Орталық Азия және Кавказ елдерінде (Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) тамақтану саласындағы әлеует пен серіктестікті арттыру жөніндегі Өңірлік платформа хатшылығы құрылған болатын, ол Орталық Азия және Кавказдың 8 елінде тамақтану саласында басқару және азық-түлік жүйелерінің әлеуетін дамыту бойынша өңірлік серіктестікке бейімделген субөңірлік тетіктің рөлін атқарады. Қазақстан Өңірлік платформа хатшылығын бірінші болып басқарды. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Хатшылықтың жұмыс органы болып танылды.
Ағымдағы жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында балалар мен жасөспірімдердің көзқарасы бойынша, БҰҰ жүйесі агенттіктері: ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, сондай-ақ ДДҰ қатысуымен – Орталық Азия және Кавказ елдерінде толыққанды тамақтанбаудың екі еселік ауыртпалығын тоқтату мақсатында азық-түлік және тамақтанудың тұрақты жүйелерін басқару бойынша Өңірлік симпозиум өткізілген. Қатысушы елдер парламент, қаржы, ауыл шаруашылығы және азық-түлік, денсаулық сақтау және білім беру министрліктерінің делегаттарымен өкіл етілді.
Қазіргі уақытта платформаның негізгі бағыттарына халықаралық консультантты тарту бойынша дайындық іс-шаралары жүргізілуде, ол – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және ауыл шаруашылығы салаларын тарта отырып, көпсекторалдық тәсіл арқылы толыққанды тамақтанбау ауыртпалығының алдын алу; жүкті болған кезден бастап өмірдің соңына дейін балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын жақсарту бойынша іс-қимылдардың сектораралық тұжырымдамасын әзірлеуге жәрдемдесу; нақты, оның ішінде зертханалық талдауларды, онымен қоса азық-түліктерді тұтыну туралы деректерді, балалардың өсуі мен тамақтану мәртебесін қадағалау, тамақтану рационының түрлілігі туралы деректер, сондай-ақ ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының, азық-түлік, тамақтану және денсаулық сақтау жүйелерінің әлеуетін нығайту деректерін жинау үдерісін жетілдіру.