Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары 2019 жылғы 1 және 5 шілде аралығында ДДҰ ұйымдастырған төтенше жағдайлар қауіптері туралы ақпараттандыру (ТЖҚА) жөніндегі семинарға қатысты.
Іс-шара ТЖ қауіптері туралы ақпараттандыруға қатысушыларды мемлекеттің қажеттілік ерекшелігін ескере отырып оқыту, ТЖҚА саласындағы ресурстарды зерделеу үшін осы саладағы мүмкіндіктерді құру, ТЖҚА саласында мемлекет мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін әрекет ету жоспарын әзірлеу және т.б. мақсатында өткізілді.
Төтенше жағдайлар кезінде түрлі сектор арасында үйлестірілген шаралар қажет. Осыған байланысты, оқыту бағдарламасы қауіптер туралы мемлекет мамандарын ақпараттандырудағы машықтарын жетілдіруге, әрекет ету шараларын орындаушыларына сенімді жоғарылату және денсаулық сақтау саласындағы кез-келген ТЖ кезінде шешімдер қабылдау үшін мүдделі тараптарға көмек көрсетуге; түрлі секторларда және қоғамның барлық деңгейлерінде ТЖ дайын болу және әрекет ету жүйелерінде қажеттіліктер мен кемшіліктерді анықтау бойынша – мүмкіндіктер картасын құруға бағытталған. Семинар қатысушылары әзірлеп отырған жоспарда әр ТЖ сатысында айқындылықты қамтамасыз ету және жедел хабарлау, үйлестіру, тиімді арналарды және сенімге кірген беделді дереккөздерін таңдау, яғни дайындық, бірінші кезекте әрекет ету, кризистік жағдайды бақылау, қалпына келтіру және бағалау сияқты маңызды сәттер ескерілген. Кешенді жоспарды қабылдау ТЖҚА жоспарын барлық қауіптіліктерімен бірге, оның ішінде дайындық пен әрекет ету жоспарымен ықпалдастыруға, барлық тиісті секторлар мен қоғамның барлық деңгейлерін мақсаттарға жету үшін жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, қатысушылар тиімді арналарды, сенімді дереккөздер мен қолайлы ақпарат құралдарын таңдады, хабарламалар дайындап, БАҚ үшін брифингтер өткізді және т.б.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.