2019 жылдың басынан Таиландтың әйгілі курорттар мен курорттық аймақтары орналасқан (Паттайя, Пхукет аралы және т.б.) орталық және оңтүстік аудандарында жергілікті тұрғындар арасында аталған аурудың 30 мыңнан аса жағдайы тіркелген, оның ішінде соңғы 3 аптада 21 мыңнан аса жағдай орын алды, оның ішінде 90 жағдай өлім-жітіммен аяқталды.
Елдің ресми билік өкілдері қабылдап жатқан шараларына қарамастан, Таиландтағы сырқаттанушылық жоғары деңгейде қалуда.
Соңғы жылдары Қазақстаннан Таиландқа және Денге қызбасы бойынша эндемикалық Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне туристтік мақсатта ағылып жатқан адамдардың көп саны, сондай-ақ республикадан сол елдерге қарай жаңа бағыттардың ашылуы мен әуе рейстарының артуы байқалады.
Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да эндемикалық елдерінде тұрғындардың Денге қызбасысымен сырқаттануы бойынша эпидемиологиялық жағымсыз жағдайлар орын алуда.
Әдетте, туристер өлім-жітім қаупі төмен Денге қызбасының классикалық күрделі емес түрімен сырқаттанады (сырқаттанғандар санынан 0,5% дейін), ол курортқа алғаш келген және вирусты алғаш жұқтырған адамдарға тән.
Сонымен қатар, бұрын эндемикалық елдерде болған және бұрын сырқаттанған адамдарда қызбаның күрделі геморрагиялық түрімен ауыру қаупі бар, ол соңғы 5 жыл ішінде сырқаттанған ауруды қайта жұқтырған жағдайда дами бастайды. Бұл кезде ішкі ағза толығымен, сондай-ақ ми қызметі зақымдалады, тамыр өткізгіштігі бұзылады. Өлім-жітім 5%-ға, ал балалар арасында 25%-ға дейін жетеді.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шыққанда аурудың алдын алу мақсатында төмендегі кеңестерді ұсынамыз:
– репелленттердің қорын ұстау (жәндіктердің шағуынан қорғау құралдары – спрей, крем, гель, масаларды қашыртатын құралдар);
– батпақты аудандарға экскурсия жасаудан бас тарту;
– денені толық жауып тұратын киім кию;
– есік-терезелерді москит торларымен жабу.
Сапардан оралған кезде аурудың белгілері пайда болған жағдайда барған елдер және болған мерзімдері туралы ақпарат ұсына отырып, дәрігерге уақытылы жүгіну қажет.
Анықтама ретінде: ДДҰ деректері бойынша, жыл сайын әлемде Денге қызбасын 50 млн. аса адам жұқтырады, одан шамамен 20 мыңға жуық адам көз жұмады. Мұндай жіті инфекциялық ауруды тасымалдаушылар Aedes aegypti масалары болып табылады, олар көбіне Таиландта және Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Американың бірқатар тропикалық елдерінде мекендейді (Малайзия, Индонезия, Шри – Ланка, Сингапур, Қытай, Жапония, Вьетнам, Мьянма, Филиппины, Үндістан). Жұқтырылмаған жағдайда науқас адам эпидемиологиялық қауіптілік төндірмейді.