2019 жылғы 17 және 18 маусымда «Атакент» парк-отелі ғимаратында медициналық-санитариялық алғашқы көмекке арналған «Баршаға денсаулық» атты жыл сайынғы VI халықаралық конгресі өткізіледі.
Ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, «МСАК және реабилитациялық-қалыптастыру медицина мамандарының қауымдастығы», ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Іс-шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі және АҚШ, Дания, Нидерланд Патшалығы, Финляндия, Қытай, Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Литва, Ресей және т.б. елдердің жетекші ғалымдары қатысады.
Конгресс денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытуға, әлеуметтік бейімді медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға негізделген тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар беруге бағытталған. Қоғамдық денсаулық сақтау және клиникалық медицина, сондай-ақ мектеп медицинасы мәслелерін талқылауға Қазақстанның әр өңірінен 2000-нан аса жетекші мамандар, практикалық дәрігерлер, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер қатысады. Жоғары технологиялы медициналық қызметтер және медициналық туризм бойынша көрме ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бүкіл өмір бойы адамның денсаулығына кешенді қамқорлық жасауды қарастыра отырып адамның жан-жақты қызмет алуын — денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу шараларынан бастап оларды емдеу, оңалту және күтім жасауға дейінгі толық кешенду қамтамасыз етеді.
Айта кетсек, 2018 жылы еліміздің бас қаласында өткізілген Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған МСАК жөніндегі Жаһандық конференцияның денсаулық сақтау саласындағы рөлі ерекше. Ол – кейінгі жылдардағы жаһандық денсаулық сақтау саласында күнтәртібін қалыптастырған маңызды оқиға.
Ауқымды форумның қатысушылары қабылдаған Астана Декларациясы денсаулыққа әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық детерминаттарға қатысты шаралар қабылдауды; МСАК шеңберінде қызметтер мен көмек түрлерінің кең спектрін ұсынуды қамтамасыз етуге үгіттейді.