Жыл сайын 31 мамырда Бүкіләлемдік темекісіз күн атап өтіледі. Осы жылы «өкпе саулығына» және әлем бойынша темекінің адам денсаулығына тигізетін түрлі жағымсыз салдарына айрықша назар аударылды, атап айтқанда:
Ауаның темекі түтінімен ластануы
бұл ауа ластануының өте қауіпті түрі: оның құрамында 7 000-нан аса химиялық заттар бар, олардың ішінен 69 – белгілі канцерогендер. Темекі түтіні қаншалықты иіссіз және елеусіз болса да, ол ауада бес сағат бойы қалықтап, айналасындағы адамдарда өкпе обырының, созылмалы респираторлық аурулардың даму қаупіне және өкпе функциясының төмендеуіне әкеледі.
Өкпе обыры
Әлем бойынша өлім жағдайларының үштен екісін алып отыр. Шылым шегу және екінші рет темекі түтінінің (пассивті шылым шегу) үй жағдайында немесе жұмыстағы әсері өкпе обырының даму қаупін айтарлықтай жоғарылатады. Темекі шегуден бас тарту өкпе обырымен ауыру қаупін төмендете алады: шылым шегуді тастағаннан кейін 10 жыл өткен соң өкпе обырының даму қаупі шылымқорға төнетін қауіппен салыстырғанда жарты есеге дейін төмендейді.
Темекі шегу өкпенің созылмалы обструктивті ауруын (ӨСОА) дамытатын басты себептердің бірі болып табылады, оның салдарынан іріңді шырыштың өкпеде жиналуы ауыртпалы жөтел тудырып, тыныс алуды қиындатады. ӨСОА пайда болу қаупі жас кезінен шылым шегіп жүрген адамдар арасында жоғары болып келеді, өйткені темекі түтіні өкпенің даму қызметін айтарлықтай кідіртеді.
Әлем бойынша темекі шегудің ең жоғары көрсеткіштерінің бірі Қазақстанда орын алған – 22,4%, соның нәтижесінде темекімен ұқсас аурулардың өсімі байқалуда – жылына 18430 адам. Бұл ретте, шамамен халықтың үштен бөлігі (қоғамдық тамақтану орындарында 27,6% ересектер, 26,5% – жабық жерлерде, ал 29,1% – көшедегі жасөспірімдер) пассивті шылым шегуді бастайды.
Темекімен ұқсас аурулардың санын төмендету және темекі эпидемиясын шектеу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жаңа редакциясы жобасына ұсыныстар енгізілуде, өйткені:
• Қоғамдық орындарда шылым шегуге толықтай тыйым салу бесжылдық перспективада белсенді шылым шегушілікті 10%-дан 15%-ға дейін, ал пассивті шылым шегуді 90%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл 6600 қазақстандықтарды өмірін құтқарады деген сөз;
• Бөлшектеп сату орындарында жайып сатуға тыйым салу бесжылдық перспективада шылым шегушілікті 13,6%-дан 23,5%-ға дейін төмендетуге және 9200 өмірді құтқаруға мүмкіндік береді.
Темекіге қарсы және шылым шегудің таралуын төмендету бойынша бастамалардың негізгі бенефициарлары – еңбекке жарамды жастағы ер адамдар мен олардың отбасылары.
Бүкіләлемдік банк сарапшысының есебі бойынша, темекіге қарсы бастамалардан түсетін пайда құтқарылған адам өмірлері ғана емес, сонымен қатар экономикалық шығындарды азайту болып табылады, бұл тұтас көлемде бес жыл бойы 1,2 млрд теңгені құрауы мүмкін (ҰІӨ-да қайтыс болғандардың жіберілген үлестері ғана ескерілген).
АҚШ, Англия, Жаңа Зеландия, Канада және Аустралияда жүргізілген түрлі зерттеулер темекі бұйымдарын жайып сатуға тыйым салу жасөспірімдердің темекі жарнамасына шалдығуын тұтастай 83%-ға, ал пассивті шылым шегуді 90%-ға дейін төмендететінін көрсетті.
Сонымен қатар, шылым шегуге және темекі бұйымдарын жайып сатуға тыйым салу халық тарапынан үлкен қолдауға ие екендігін айтып өткен жөн. Сонымен, 80% қазақстандықтар қоғамдық орындарда шылым шегуге толық тыйым салынуына оң көзқарастарын білдірді, ал 84%-ы – темекі бұйымдарының жарнамасына қарсылықтарын білдірді (GATS деректері). Бұл астананың 15 мектебінің орта және жоғары сынып оқушыларының ата-аналары арасында (514 адам) жүргізілген (2019 жылғы сәуір-мамыр) зерттеулермен де расталады, ол жерде:
– 89.7% ата-ана сауда орындарында темекі бұйымдарының олардың балаларына тигізетін ықпалы олар үшін маңызды деп санайды.
– 77.3% ата-ана сауда орындарында темекі бұйымдарын жайып сатуға тыйым салынуын қолдайды;
– 74.9%-ы оқушылардың сауда орындарында темекі бұйымдарының жайып сатылу ықпалына шалдығатынына теріс көзқарастарын білдіруде;
– 68.3%-ы сауда орындарында темекі бұйымдарын жайып сатумен байланысты болып жатқан ағымдағы жағдайға қарсы өз ойларын айтты;
– 67.4%-ы сауда орындарында темекі бұйымдарын жайып сату балаларды/жасөспірімдерді шылым шегуге уәждейді деп сенеді.
Бұдан бөлек, халық арасында түтінсіз саясатты қолдау ұлғая түсуде, бұл азаматтар арасында олардың танымды және зеректі екендігін білдіреді, жалпы 80%-дан астам халық (шылым шегетіндер мен шекпейтіндер) қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынуын қолдайды. Сонымен, Фейсбукта 70 мың расталған қатысушыларды қамтыған «Қазақстанның мейрамханалық сыны» тобында, 90%-ы мейрамханадағы кальяндарға қарсы дауыс берген, бұл дегеніміз халықтың ұсынылып жатқан бастамаларды толығымен қолдайтынын көрсетеді.