Бүгінгі таңда iQOS, GLO сияқты өнімдер және т.б. темекіні қыздыратын құралдар болып табылады.
Осы күні, темекі өнімдерінің тигізетін залалы, атап айтқанда iQOS зияндылығы туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жанар Төлебаевадан айтып беруін сұрадық.
Жанар Сапарғалиқызы, айтыңызшы, жалпы iQOS деген не?
iQOS (I am quit original smoking) – ағылшын тілінен аударғанда «мен шылым шегуді тастаймын» дегенді білдіреді. Әрине, бұл темекі өнімдерін шығаратын әлемдегі ірі өндірушілердің бірінің жаңа темекіні қыздыру құралына берген өтімді және шулы атауы.
Құрылғы батареямен қуатталады, оған темекі істікшесін қамтитын «жылулық таяқшалары» орнатылған. Өндірушілер жоғары температурадан зиянды түтін емес, бу шығады деп сендіреді. iQOS өнімін Philip Morris International (PMI) компаниясы шығарады, бұл компания әйгілі Marlboro темекілерін өндіруші ретінде танылған. Әлемдегі ірі темекі компаниясы PMI олардың «түтінсіз» болашақты қолдайтынын, сондықтан шылымқорлар үшін қауіпсіз болып табылатын iQOS сияқты темекіні қыздыру құралдарын, электрондық темекілерді шығаратынын айтады.
iQOS құрылғысы бүкіл әлем бойынша, оның ішінде Қазақстанда да қолжетімді, бұл құрылғыны ірі сауда орталықтарында оңай сатып алуға болады. Мысалы, Жапонияда iQOS темекі нарығын 10%-дан аса басып алған.
Білуімізше, АҚШ-та iQOS құрылғысын жекелеп сатуға осы уақытқа дейін тыйым салынған, бірақ осы жылдың мамыр айында Тамақ өнімдері және дәрі-дәрмектердің сапасын санитариялық қадағалау басқармасы (FDA) Philip Morris International компаниясының АҚШ-та iQOS құрылғысын сату жөніндегі өтінімін мақұлдаған. Бұл нені білдіреді?
Иә, олар енді қарапайым сигареттерге теңестірілді және кез-келген дүкендерде сатыла алады.
FDA PMI берген екі өтінімінің ішінен iQOS құрылғысын қарапайым темекі өнімі ретінде сатуға рұқсат бере отырып, тек біреуін ғана мақұлдағанын айтып өткен жөн, бірақ iQOS өнімінің қарапайым сигареттерден тигізетін залалы аз темекі ретінде ұсыну жөнінде айтылған екінші өтінімін мақұлдамады. Яғни, FDA пікірі бойынша, өндіруші өз құрылғысының қоғамдық денсаулыққа тигізетін пайдасын көрсете алған жоқ, сондықтан осы мәселе бойынша арнайы бағалау үдерісі аяқталғанға дейін олардың улы заттарды аз бөлетіні туралы жария салуға тыйым салынған.
Демек, бұл, iQOS жарнамасы мен маркетингісіне тиісті шектеулер қойылғандығын білдіреді ме?
Иә, осылайша, FDA темекіні қыздыратын құрылғылар мен сигареттер арасындағы теңдік белгісін нақты қояды, және Сіз айтқандай, iQOS жарнамасы мен маркетингісіне тиісті шектеулер қоюда. Бұл өндірушіні қаптамада тиісті жазбалар қалдыруға міндеттейді, iQOS туралы теледидар мен радиода жарнамалауға тыйым салынады, олардың әлеуметтік желілерде насихатталуын бақылайды.
FDA темекі компанияларының инновациялық өнімдер шығару құқықтарынан шектетпейді, бірақ бұл ретте олардың нарыққа шығуы ұзақ және қиынға соғатынын ұқтырады.
Бұл мәселе бойынша Қазақстанда қандай жағдай орын алған?
Бүгінгі таңда Қазақстанда мұндай құрылғыларды темекі өнімдеріне теңестіретін нормативтік-құқықтық база жоқ. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу аясында ТҚҚ ұғымын енгізу жоспарлануда, соның шеңберінде оларға да қарапайым сигареттерге қойылатындай талаптар қойылатын болады.
Темекі өнеркәсібінің маркетингісіне, ғылыми-зерттеу қызмет және PR-белсенділігіне байланысты адамдарға шылым шегуге қатысты еркін және саналы таңдау жасау қиын. Адамды жаңылыстыратын жаңа девайстар, инновациялық өндірістер, аз зияндылығын насихаттайтын «зерттеулер» – сауатты түрде жоспарланған маркетингтің нәтижесі.
Сіздер, мысалы, темекі компаниялары «әлеуметтік жауапкершілікке» үлкен көңіл бөлуде деген сияқты олардың БАҚ арқылы жергілікті қауымдастықтар, қайырымдылық ұйымдар қолдайтын қызметі туралы жарияланған және басқа да әлеуметтік қалаулы мақсаттарға қол жеткізуі жөнінде бірқатар ақпараттар алуларыңыз әдбен мүмкін. Бұл қызмет темекі өнеркәсібін жыл сайын әлемде болып жатқан 7 миллионнан аса өлімнің себепшісі емес, әлеуметтік жауапты сала ретінде таныстыру арқылы қоғаммен байланыстыру бағдарламасының бөлігі болып табылады.
Темекі саласын реттеудің американдық тәжірибесін негізге ала отырып, реттеудің мақсаты теңдестіру екендігін түсіну қажет, бір жағынан белгілі дұрыс шектеулер, ал екінші жағынан – өндірушілер үшін жаңа өнімдерді әзірлеп, нарыққа ұсыну болып табылады.
Бұл жерде ең бастысы – заттарды өз атауларымен атау қажет, осылайша тұтынушыларға түрлі жарнамалық ұрандар мен атаулар, құрылғылар мен технологиялар ішінен дұрыс және саналы таңдау жасау мүмкіндігі беріледі.