2019 жылғы 20 мамырдан бастап 24 мамырға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, Статистика комитетінің, Ақпараттық-есептеу орталығының сарапшылары және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының техникалық консультанттары Халықтан темекіні тұтыну жөнінде екінші Жаһандық сауалнама алуды (GATS) бастау мәселелерін талқылау бойынша АҚШ, Джорджия штатының Атланта қаласында өткізіліп жатқан бағдарлы семинарына қатысуда.
АҚШ Ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығы (СDC) ұйымдастырған іс-шараға Пәкістан және Мавританияның өкілдері де қатысады.
GATS үй шаруашылығының ұлттық көрнекілік сұрақтарын қамтиды, ол жерде 15 жас және одан жоғары адамдардан сауалнама алынады. Ол темекіні тұтынудың жүйелі мониторингісін жасаудың және жалпы ұлттық бағалау жүргізу үшін, сондай-ақ адамдарды жынысы мен тұрғылықты жері бойынша бөлу үшін әзірленген темекіге қарсы негізгі көрсеткіштерді қадағалаудың жаһандық стандарты болып табылады. GATS сауалнамасы – бұл темекіні тұтынуды эпидемиялық қадағалау бойынша Жаһандық жүйесінің бір компоненті (GTSS).
Қазіргі уақытта Жаһандық темекі эпидемиясы пандемиялық ауқымды қамтиды: шамамен 1,3 миллиардқа жуық темекі тұтынушылары және темекіні тұтынудан жыл сайын болатын 6 миллионға жуық өлім жағдайлары орын алған.
GATS сауалнамалары темекіге қарсы күресу бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және бағалау саласында мемлекеттің әлеуетін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, олар мемлекеттерге ұлттық деңгейде ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде салыстырмалы деректерді жинау бойынша ДДСҰ Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының міндеттемелерін орындауға көмектеседі.
ДДСҰ MPOWER6 стратегиясын әзірлегенін айта кеткен жөн, ол жерде ДДСҰ Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясында қамтылған темекіге деген сұранысты азайту бойынша 6 ғылыми негіздемелі шаралардан тұратын кешен бар.
Қазақстанда GATS алғаш рет 2014 жылы өткізілгенін еске саламыз.