Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге «Денсаулықты нығайтуға ықпалдасатын мектептер» жобасының шеңберінде 8 сәуірден бастап 19 сәуір аралығында Алматы, Қостанай облыстарының және Алматы, Қостанай қалаларының 117 мектебінде аталған қалалар мен өңірлердің Қоғамдық денсаулық сақтау аумақтық департаменттері мен Білім басқармаларын тарта отырып, техникалық консультация жүргізді.
Мектеп басшыларына Еуропа елдеріндегі дәлелді және үздік тәжірибені ескере отырып, балалардың денсаулығын нығайту және денсаулыққа деген жалпымектептік амал-тәсіл жасау қағидаттары көрсетілді. Мектеп базасында мектеп директорларына, жоба үйлестірушілеріне және жобаны енгізу жөніндегі жұмыс топтарына техникалық консультация жүргізілді, оның барысында бірқатар мектептердің іс-шаралар жоспары ұсынылды, жобаны іске асыру құралдарын қолдануда әдістемелік көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, ҚДСҰО және ДДҰ кеңесшілері кейбір аудандық мектептерге де барды.
Іс-шара барысында «Денсаулыққа қатысты мектеп жасындағы балалардың тәлімі» (HBSC), Бала жасындағы семіздікті қадағалау жөніндегі Еуропалық ДДҰ бастамасы (COSI), «Денсаулықты нығайтуға ықпалдасатын мектептер» пилоттық жобасы бойынша Қазақстанда 2016-2017 жылдары жүргізілген ұлттық зерттеулерінің нәтижелері ұсынылды. Қатысушылар Schools for Health Мектеп басшылығымен танысты.
Жоба қатысушылары жалпымектептік амал-тәсілдерге ерекше қызығушылық танытты және талқылауларға белсене ат салысты. Бірқатар Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттері өңірде жалпы хабардар болу үдерісіне мектеп қауымы мен басқа құрылымдарды тарта отырып, жалпымектептік амал-тәсіл жасау қағидаттарын алға қоятынын атап өту керек.
Техникалық консультацияны Атырау, Ақтөбе, Түркістан облыстарында, Орал, Шымкент, БҚО және СҚО-да жүргізу жоспарланып отыр.