Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік мекемелер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және зертханалық қызметтер, ҮЕҰ жұмыскерлері үшін «Химиялық заттарды тиімді реттеу ұлттық жүйелерінің негізгі элементтері: үкімет өкілдерінің шешім қабылдау үшін химиялық заттарды тиімді реттеуге Халықаралық өлшемдер құралдарын қолдануға дайындығы (ХӨҚҚД)» тақырыбында халықаралық оқыту семинары өз жұмысын аяқтады.
Халықаралық сарапшылар жаһандық деңгейде келісілген химиялық заттар мен қоспаларды жіктеу және таңбалау, химиялық заттардың адам денсаулығына және қоршаған орта үшін тигізетін қауіптілігін бағалау, химиялық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын орындау үшін объектілер мен ұйымдарды тексеру, биоцидтерді тіркеуден кейін мониторингілеу және реттеу бойынша оқыту өткізді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: ДДҰ қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Семинар жұмысына Грузия, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Монғолия, Украина, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан және т.б. елдерінің өкілдері қатысты.
Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, іс-шара қорытындылары бойынша өз пікірлерімен бөлісті.
Ирина Застенская – ДДҰ Еуропалық бюросы: «Тренинг «Шығыс Еуропаның, Кавказ және Орталық Азияның жекеленген елдерінде химиялық заттарды тиімді реттеу ұлттық жүйелерінің негізгі элементтерін құру» 2 жобаға қатысушы елдердің әлеуетін нығайтуға бағытталған. 12 мемлекет өкілдерінің семинарға қатысуы химиялық қауіпсіздік саласында синергизмге қол жеткізуге мүмкіндік береді».
Нана Габриадзе (Ауруларды және қоғамдық денсаулық сақтауды бақылау ұлттық орталығы, Тбилиси, Грузия) іс-шара ұйымдастырушыларына өз алғысын білдірді: «Бұл семинардың біз үшін маңызы өте зор. Біз жіктеудің жаңа өлшемдері, жаңа регламенттер туралы көп нәрсені үйрендік. Биоцидтер туралы ақпарат өте қызықты болды». Сондай-ақ, жобаға қатысушы барлық елдер химиялық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі тәжірибелерімен әрі қарай да бөлісетініне нық сенімділігін білдірді.
Ирина Илюкова (Гигиена ғылыми-практикалық орталығы, Минск, Беларусь) «Бүгінгі тренинг мемлекеттік органдар, сонымен қатар химия өнеркәсібі игеруі қажет барлық білімдерді қамтиды. Бүгін тыңдап, меңгерген барлық мәліметтерді ұлттық деңгейде және тренингтер өткізгенде, сондай-ақ химиялық қауіпсіздік бойынша техникалық регламентті енгізген кезде қолданатын боламыз», -деді.
Бір сөзбен, бұл семинар қатысушыларға химиялық заттарды қауіпсіз басқарумен байланысты ұлттық және халықаралық мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа білімдер игеруге және ДДҰ әдістемелік қолдауын алуға үлкен мүмкіндік берді.