Бүгінгі күні вакцинация медицина мен бүкіл адамзаттың ең тиімді өнер табыстарының бірі болып саналады. Бұған дәлел – көптеген инфекциялардан миллиондаған құтқарылған өмірлер, өлім-жітім мен мүгедектіктің қысқарылуы.
Жыл сайын сәуір айының соңғы аптасында Дүниежүзілік иммундау апталығы өткізіледі, биыл ол сәуірдің 24-30 күндері аралығында өтеді. Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін маңызды екендігі туралы негізгі идеяны танымал етуге ықпал етеді.
Биылғы жылы ЕИА «Ескерту. Қорғау. Егу» ұранымен өтеді. Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2019 жылғы Еуропалық Иммундау апталығына орайластырылған «Инфекциялық аурулардың алдын-алу бойынша өзекті мәселелер» атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Оның ұйымдастырушылары: Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Вакцинология» қоғамдық қозғалысы.
Конференцияны ҚДСҰО-ның басқарушы директоры Марат Хавсемет ашты. Марат Хавсеметұлы ЕИА-ның негізгі мақсаты – вакцинация арқылы аурулар мен өлім легін тоқтату, адамдарға вакцинациялау қағидалары туралы ең сенімді ақпарат беру деді. Бүгін біз ашық әлемде өмір сүріп жатырмыз, белсенді көші-қон процестері Қазақстанға да қауіпті инфекциялар алып келуі мүмкін, адамдар вакцинация идеясын дұрыс түсінуі, дәрігерлерге сенім білдіруі, олардың денін сау қылу талпынуларына көмектесуі тиіс.
“СЭСжМҒПО” филиалының директоры Жанар Сүлейменова былай деп атап өтті: «Биылғы жылы Еуропалық иммундау апталығы әлемде де, Қазақстанда да қызылша ауруларының эпидемиологиялық тұрақсыздық жағдайында өткізіледі. Халық арасында қызылшаның пайда болуын оқшаулау және одан әрі тұрақтануын қамтамасыз ету үшін халықты қосымша иммундау 2019 жылдың 1 сәуірінен басталады. 9 айға толған балалар, белгісіз вакцинация мәртебесі бар 30 жасқа дейінгі адамдар, бұрын егілмеген және қызылшаға ұшырамаған, 5 және одан да көп жыл бұрын инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілгендер, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинацияға жататын медицина қызметкерлері. Қазіргі уақытта дәрігерлер мен жұртшылықтың сұрақтарына жауап беру үшін үшін 8-800-070-0830 «жедел желісі» жұмыс істеп жатыр.
Конференция жұмысына сондай-ақ ҚДСК аумақтық департаменттерінің дәрігер-эпидемиологтары, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері және облыстар мен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары денсаулық сақтау басқармаларының иммунопрофилактикасын ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ететін мамандар, еліміздің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы – Асфендияров ат. ҚазҰМУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері, ҚР ІІМ, ҰҚК, ҚМ ведомстволық қызметтерінің дәрігерлері қатысты.
Конференция жұмысы барысында иммунопрофилактика саласындағы Қазақстан, РФ жетекші сарапшылары мен ғалымдарының баяндамалары ұсынылды.
Халықты иммундау Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам денсаулығын сақтауға ең тиімді үлес деп таныды және 2000 жылғы қыркүйекте әлемдік көшбасшылар қабылдаған Мыңжылдық даму мақсаттары жетістіктерінің ең маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.