Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, «Денсаулықты нығайтуға ықпалдасатын мектептер» жобасының шеңберінде №67 мектеп-гимназиясы базасында Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде техникалық консультация жүргізу бойынша жұмыстарды бастады.
15 мектептің басшылары үшін ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы, Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық саясаты департаменті, елорданың Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті өкілдерінің қатысуымен Еуропа елдеріндегі дәлелді және ең үздік тәжірибені ескере отырып, мектептерде денсаулықты нығайту және денсаулыққа деген жалпымектептік амал-тәсіл жасау қағидаттары көрсетілді.
Іс-шара барысында «Денсаулыққа қатысты мектеп жасындағы балалардың тәлімі» (HBSC), Бала жасындағы семіздікті қадағалау жөніндегі Еуропалық ДДСҰ бастамасы (COSI), «Денсаулықты нығайтуға ықпалдасатын мектептер» пилоттық жобасы бойынша Қазақстанда 2016-2017 жылдары жүргізілген ұлттық зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Қатысушылар Schools for Health Мектеп басшылығымен танысты.
Сондай-ақ, техникалық консультацияны Ақмола, Алматы, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Түркістан облыстарында, БҚО және СҚО-да, Алматы, Шымкент қалаларында жүргізу жоспарланып отыр.