Бүгін Алматы қаласында «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы базасында «Қазақстан Республикасында геморрагиялық қызбалардың таралуының алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Іс-шараға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, оның департаменттерінің, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, М.Айкимбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының, Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының мамандары қатысты.
Семинарға қатысқан Сырқаттанушылықты бақылау және алдын алу Америка орталығының, Людвиг Максимилиан университетінің және С.Асфендияров ат. КазҰМУ мамандары сырқаттанушылық жағдайын дүниежүзілік стандарт бойынша анықтау, Конго Қырым геморрагиялық қызбалардың қазіргі таңдағы клиникалық-эпидемиологиялық белгілері, биоқауіпсіздік, қауіп-қатерді бағалау, зертханаішілік жұқтырудың кейбір аспектілері және зертханалық диагностика жөнінде баяндамалар жасады.
Сондай-ақ эпизоотиялық және эпидемиялық жағдайлар, тұрғындардың ҚКГҚ-дан сақтану жолдары туралы және т.б. мәселелер қаралды.