Жүрегіңізді сақтаңыз!

Қан түзілуі жүйесінің барлық ауруларын бірнеше топқа бөлуге болады: қан айналымының бұзылуы – гипертония; қан тамырларының зақымдануы – атеросклероз, вена қан тамырларының кеңеюі; жүректің зақымдануы – ревматизм, миокардит.
Ересек адамдардың қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылығының құрылымында гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық аурулар басым болып келеді.
Қан айналымы ауруының статистикасы бойынша, ауру салдарынан болатын өлім-жітім себептерінің тізімінің алдында тұратын патология үштігінде бірінші орын алады. Қан жүру жүйесі жұмысының бұзылу спектрі өте кең, ол жүрекпен және қан тамырларымен болатын түрлі проблемаларды қамтиды. Көп жағдайда мұндай аурулардың даму себептері салауатты өмір салтын ұстанбаудан, тұқым қуалайтын ауруларға бейімділіктен, қоршаған ортаның ластануынан болады.
Денсаулық көрсеткіштері мен қоршаған ортаның жай-күйі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды талдау кезінде зерттеушілер, ең алдымен, денсаулық жағдайы көрсеткіштерінің жекелеген қоршаған орта компоненттері: ауаның, судың, топырақтың, тамақ өнімдерінің және т.б. жай-күйіне байланысты екендігіне назар аударады.
Бұл аурулардың себептерінің ішінде бірінші орында ауаның ластануы тұр. Кардиотоксикалық әсері бар атмосфералық ауаны басым ластаушыларға: күкірт оксидтері, азот және көміртегі, құрамында ауыр металл, фенол, формальдегид бар шаң жатады.
Жүргізілген зерттеулер өнеркәсіп және көлік шығарындыларының әсерінің жоғары мәндері жоғары артериялық қысымға, жүректің ишемиялық ауруы мен цереброваскулярлық аурулардың таралуына тура келетінін көрсетті.
Су құбыры ауыз суының химиялық ластануының жоғары деңгейі жүректің созылмалы ревматикалық ауруларының дамуына, жүректің ишемиялық ауруы мен цереброваскулярлық ауруларға едәуір әсер етеді.
Бұл ауыз судың артық минералды құрамының, ең алдымен, жалпы қаттылық тұздарының, сульфаттардың, хлоридтердің, жалпы минералданудың, сондай-ақ ауыр металлдардың, еркін және байланысқан хлордың, марганецтің және темірдің, нитриттердің, фтордың физиологиялық процестердің тепе-теңдігінің бұзылуына және қан айналымы жүйесі ауруларының пайда болуына немесе дамуына әкелетін созылмалы әсерімен түсіндіріледі.
Бұдан басқа, қан айналымы жүйесі ауруларының пайда болу факторларының бірі – кварталішілік және үйішілік шу болып табылады. Зерттеушілер акустикалық жүктемелері жоғары аумақтарда халықтың жалпы өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларынан, жүйке-психикалық аурулардан болатын өлімнің және ірі қалалар тұрғындарының құлақ мүкістігінің ұлғаю үрдісін анықтады.
Өнеркәсіптік-көлік атмосфералық шығарындыларында, су құбыры ауыз суында болатын көптеген зиянды химиялық заттардың және шу жүктемесінің патогенді әсері негізінде еркін радикальды тотығу процесінің жатқандығын ескере отырып, смог кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды, зиянды еңбек жағдайында шу деңгейі жоғары болатын үй-жайларда құлақ тығынын тағуды ұсынамыз. Автокөлік құралдарын, тұрмыстық құрылғылар мен оргтехниканы қанағаттанарлық техникалық жағдайда ұстау керек, сумен жабдықтау көздері мен топырақтың ластануына жол бермеу қажет, тамақ өнімдері мен тұрмыстық химия тауарларын сатып алған кезде мұқият болу, таңбалауда берілген олардың құрамын зерделеу керек.
Қолданыстағы профилактикалық іс-шаралардың бірі дұрыс тамақтану болып табылады, әсіресе антиоксиданттық қорғаныс қасиеттері бар тамақ өнімдерін (цитрус жемістері, алманың жазғы сорттары, сорго, тары, түйілген тары, арпа және күріш, сұлы кебектері ерекше бай) және витаминдер кешенін пайдалану. Құрамында тұз, қант және май жоғары болатын азық-түліктерден бас тартуды, көкөністер мен жемістерді көбірек жеуді және зиянды әдеттерге жоқ деп айтуды ұсынамыз. Салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтырумен айналысу және барлық жағдайда дұрыс көңіл-күйде болу керек.
Сондай-ақ уақытылы медициналық тексеруден өтуді, ауруды асқындырып алмауды, тиімді ем алуды, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдары жүргізетін Ауруларды басқару бағдарламасына қатысуды, яғни медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болуды, медицина қызметкерінің денсаулықты сақтау және жақсарту жөніндегі ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды, денсаулық жағдайын (өзін-өзі бақылауды) қадағалауды ұсынамыз.