Бүгін мүдделі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, жеке компаниялар өкілдерінің, аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары, аумақтық департаменттер басшыларының, денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың қатысуымен өткен “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” ҚР Кодексінің жобасын талқылау барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының шақыртуымен Қазақстанға келген ДДСҰ-ның ИЕА алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Еуропалық офисінің басшысы, тамақтану, дене белсенділігі және семіздік жөніндегі бағдарламаның менеджері Джоао Бреда өзінің ойлары мен пікірлерімен бөлісті.
Халықаралық жетекші сарапшының айтуынша, Қазақстан тамақтану саласында бірқатар маңызды проблемаларға қарсы күресте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар ол халықтың әлі де тұзды, “нашар” майларды көп тұтынатынын және Қазақстанда жүргізілген, азық-түлік жағдайын популяциялық зерттеулерге негізделген ситуациялық талдаудың нәтижелеріне сәйкес, тұз бен трансмайлардың құрамы туралы мәселеге ерекше назар аудара отырып, бұл факт семіздіктің және тамақтанумен байланысты болатын инфекциялық емес аурулардың таралуына алып келгенін атап өтті.
“Алынған нәтижелер Қазақстанда дұрыс тамақтануды насихаттаудың маңыздылығын дәлелдейді, стратегиялық бастапқы нүкте ретінде тұз бен трансмай қышқылдарын тұтынуды төмендетуді қарастыруды ұсынамыз, өйткені ол ең көп нәтиже береді”, – деді ДДСҰ-ның ИЕА алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Еуропалық офисінің басшысы.
“Тұрақты даму мақсаттары” мен “Тамақтану проблемалары бойынша БҰҰ іс-қимылдарының 10 жылдық” бағдарламасы (2016-2025 жылдар) ведомствоаралық, жүйелі және кешенді тәсілдерді жүзеге асыру арқылы дұрыс тамақтанбау мәселелерін шешу үшін жаһандық және ұлттық ауқымда стимул береді. Қазақстанда осы мақсаттарға қол жеткізу үшін тамақтануды жақсарту бойынша сектораралық және көп деңгейлі шаралар қабылдау қажет”,- деп сарапшы өз сөзін қорытты және қазір дұрыс тамақтануды қалыптастыру міндеттерін шешуге болатын кезде әлі кеш емес екендігіне сенімділігін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, үш күндік ҚР Кодексінің жаңа редакциясын талқылау аяқталды, оның барысында қатысушылар қоғамдық денсаулық сақтаудың рөлін күшейту, жұмыс берушілердің, қызметкерлердің денсаулық үшін ынтымақты жауапкершілігін арттыру және аурулардың алдын алу жөнінде көптеген пайдалы ұсыныстар енгізді.