Ағымдағы жылғы 17 ақпанда Астанада қала тұрғындары, қаланың медицина ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың невропатолог, реабилитолог, терапевт дәрігерлерінің қатысуымен «Омыртқа және буын туралы» семинар өтті.
Ұйымдастырушылар: доктор Бубновский орталығы және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Кинезитерапия – емдік дене шынықтыру жөніндегі жетекші маман Михаил Бубновский семинарға қатысушыларды организмнің өз күштерін дәрі-дәрмексіз, инъекциясыз және операциясыз пайдалануға негізделген емдеу жүйесімен таныстырды.
ТМД елдері мен алыс шетелдерде өзін көрсете білген әдістемені оның әкесі, атақты ресей хирургі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, организмді сауықтыру жөніндегі көптеген кітапдардың авторы Сергей Бубновский әзірлеген.
Әдістемені қолданған жылдары 1.5 миллионнан астам адам қозғалу мүмкіндігіне ие болды.
“Денсаулық – қозғалыста” деген ұранмен жұмыс істейтін Бубновский орталығы және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының миссиясы бірдей, өйткені олардың қызметінің басымдығы – емдеу емес, қалай ауырмау керектігін үйрету, халыққа аурудың алдын алу, денсаулықты қалпына келтіру шараларын үйрету, өз денсаулығын басқару.
Ал қоғамдық денсаулық сақтау – бұл қоғамның ұйымдасқан күштерімен аурулардың алдын алу, өмірді ұзарту және денсаулықты нығайту ғылымы және өнері.
Уақыт өте келе медицина ұйымдары (клиникалар, ауруханалар, емханалар) өзінің жаңа миссиясын ұғынатын болады: қалай ауырмау керектігін үйрету, аурулардың пайда болуының алдын алу шаралары жөнінде халықты оқыту.
Денсаулық сақтау саласындағы әріптестік шеңберінде жеке меншік сектор мен халықтың мүдделі топтары бірлескен күштерімен, ұйымның ешқайсысы жеке қамтамасыз ете алмайтын денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізе алады.
Осыған байланысты, ҚДСҰО құрылған сәттен бастап халықаралық және қоғамдық бірлестіктермен, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарымен Ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. ҚДСҰО халықтың өмір сүру сапасын және т.б. жақсартуға бағытталған міндеттерді шешу аясында Бубновский орталығымен де өзара іс-қимыл жасауға ниетті.